Жексенбі, 24 Қараша 2024
2654 6 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 12:07

Дональд Трамп: "АҚШ президентінің билігіне күмәнің болмасын"

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо сейсенбі күні Трамптың кез келген жарлығын сотта қарауға дайын екенін мәлімдеген. Саясаткер президенттің эпидемия кезінде экономикалық белсенділікті қайта жандандыру туралы шешімдері штат тұрғындарының денсаулығына кері әсер етеді деп есептейді.

CNN телеарнасына сұхбат берген Куомо штат пен федералдық үкімет арасындағы конституциялық дау сотқа жетуі мүмкін екенін айтты. "Дәл қазіргі жағдайда президенттің диктаторлық әдістері тым орынсыз" деді штат губернаторы.

Дональд Трамп дүйсенбі күні Ақ үйде журналистер алдына шығып, штаттар "президенттің мақұлдауынсыз ештеңе істей алмайды" деп мәлімдеген. АҚШ конституциясына сүйенген ол: "АҚШ президентінің билігі күмән туғызбайды", - деді.

Трамптың мұндай мәлімдемесіне екі танымал сенатор-республикашыл қарсы шықты. Вайоминг штатының сенаторы Лиз Чейни "федералдық үкімет шексіз билікке ие емес" деп мәлімдеді. Ал Флорида штатының сенаторы Марко Рубио: "Аурудан сақтану және оны бақылауда ұстау орталығы мен Ақ үй кеңестері маңызды, бірақ Конституция мен ақылға салсақ, шешімдерді штаттар қабылдайды", - деп жауап берді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552