Қырғызстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефонмен әңгімеде президенттер "коронавирус дертімен бірге күресу шараларын, қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасу жолдарын талқылады".
Сооронбай Жээнбеков әріптесінен Қырғызстанның Қытайға берешегін төлеуге уақыт беруін сұрады.
2020 жылдың 31 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 3 млрд 874,57 млн доллар болды. Берешектің басым бөлігі қытайдың "Эксимбанкінен" алынған. 2019 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша, мемлекет бұл банкке 1,7 млрд доллар қарыз болған.
Abai.kz