Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6149 4 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 12:57

Адал мен арам

Өткенде бір танысым хабарласты. Әкесіне операция жасау керек екен, дәрігерге барып жолықса -"анестезиологқа бірдеңе бер, әйтпесе науқас ұйқысынан тұрмай қалады" депті. Барып, анаған 10 мың берсе, тағы 20 мың қосуын сұрайды дейді.
Ақша тапқан дұрыс шығар. Бірақ, өлім мен өмір арасында тұрған бейшарадан осылай бопсалау адал ақша бола ма?

Редакцияға бір кісі келді. Баласы істі болған екен. Шырылдаған әкеден адвокаты ақша сұрапты. Іс дұрыс шешілуі үшін сотқа тағы басқаларға беремін дейді екен.
Тағы да ақша бопсалау. Бірақ, қиналғаннан күреп алу адал бола ма?
Баяғыда әкеміз " Бүлінгеннен бүлдіргі алма" деп айтып отыратын еді.

Естіген әңгімем: Балаларды тамақтандыру конкурсын жеңіп алу үшін жоғарыға қырғын ақша беру керек екен. Сосын ол ақшаны мектеп асханасы арқылы, яғни балаларға сапасыз, арзан (срогы өткен т б) ас беру арқылы қайтарып алады-мыс.
Тағы да сол ақша табу. Бірақ, баланың денсаулығына зиян келтіріп тапқан табыс адал бола ма? 

Бүгінде өмірдің мәні ақа табу болды. Дұрыс шығар. Бірақ ақшаның да арамы мен адалы болатынын ұмытпау керек қой.

Қазір қайта арам ақша тапқанын мақтанып айтатын болды жұрт.

Осыдан 2 жыл бұрын базардағы сатушы таразыдан қалай жеп қалатынын майын тамызып айтып берген. Ең бастысы оны мақтанып тұрып айтты. Адамдардың көбі лох қой, мен сияқты ақылдыларға жем болып жүреді солай деп.

Күні кеше біреу жүр, тамаққа жарымай отырған отбасына 42500 әперуге көмектестім де 10 мыңын алып алдым дейді.

Сонда біздің қоғам адал мен арамның аражігін ажыратудан қалған ба?

Жанахмет Ағыбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552