Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2239 0 пікір 21 Қазан, 2011 сағат 03:53

Қостанай облысының фермерлері бұзауларды «суықта» ұстаудың жаңа әдісін енгізіп жатыр

Қостанай. 21қазан. ҚазТАГ - Қостанай облысының мал өсірушілері бұзауларды «суықта» ұстаудың жаңа әдісін енгізіп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Технология бойынша бұзаулар қыс бойы жылытылмайтын ғимараттарда ұсталып, ағзалары шынықтырылады. Осылайша, жануарлар табиғи мекен ету ортасында өседі, ал генетикалық есте сақтау қасиетінің арқасында табиғатта өмір сүруге тез бейімделіп, қысқы аяздарға тез үйренеді», - дейді «Сарыағаш» ЖШС-інің директоры Өтеген Мұртазин.

Ол бұзауларды ұстаудың жаңа әдісі туралы АҚШ-тағы фермаға барғанда білгенін айтты. «Америкадағы бір фермаға барғанымда өз көзіме өзім сенген жоқпын: үлкен алаңда бұзауларға арналған 2 мыңнан аса пластик үйлер қаз-қатар тізіліп тұрды, - дейді Ө. Мұртазин. - Шетелдік әріптестер «суық» әдіс пайдаланатындарып айтып, оның бізде осы күнге дейін қолданылмағанына таң қалды.

Былтыр кәсіпорын мұндай әдістің тиімділігін тексеру үшін бұзаулардың 20 үйшігін сатып алды. Нәтиже оң болды. Ө. Мұртазиннің айтуынша, профилакторийді өсірілген бұзаулармен салыстырғанда, суық жағдайда өскен бұзауларудың иммунитеті күштірек, ал ауруларға қарсы тұру қабілеті 12%-ға дейін артады. Биыл ЖШС Қазақстанда шығарылған 200-ден аса үйшік сатып алды, олар арзанырақ болғанымен сапасы неміс аналогтарынан кем емес.

Бұзауларды өсірудің бұл әдісі Федоров ауданындағы «Тұрар» ЖШС-інде де қолданылады. «Сарыағаш» ЖШС-імен салыстырғанда, бұл жерде бұзаулар жылытылмайтын жабық ғимараттарда өсіріледі, бұл оларды жел мен жауын-шашыннан қорғауға мүмкіндік береді. Сиыр бұзаулайтын бөлімі және бұзауларды «суық» әдіспен өсіруге арналған орны бар заманауи кешеннің құрылысы қолға алынды, оны 2013 жылы пайдалануға бері жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450