Жексенбі, 24 Қараша 2024
2632 1 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 10:35

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады

16 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында Қазақстан қорғаныс министрлігіне тиесілі МиГ-31 ұшағы құлады.

Ұшақ әскери дайындық кезінде Тоғызқұдық ауылдық округінің аумағына құлап түскен. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, ұшақ бортында екі ұшқыш болған. Екеуі де тірі. Ұшақ аспанға көтерілгенде оның бір моторы өртенген. Ресми мәлімет бойынша, ұшқыштар ұшақты тұрғындарға қауіп төнбейтін жазық далаға бұрып, өздері дер кезінде секіріп кеткен.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ұшақ апатына қатысты тергеу басталғаны хабарланды. Оқиға болған жерге құтқарушылар жеткен. Қарағанды облысы төтенше жағдай департаменті апатқа қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550