Сенбі, 23 Қараша 2024
2636 0 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 14:31

Әлеуметтік көмек алған ақтөбеліктер алғысын білдірді

Ақтөбеде 160-мыңнан астам адам 42 500 теңге алды. Қазір тағы мыңдаған адамның өтініші қаралып жатыр,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған Ақтөбе облысының тұрғындары 42 500 теңгеге өтініш беріп жатыр. Олардың арасында көпбалалы аналар, ақысыз демалысқа шыққандар бар.

«Мен І топ мүгедегімін. Төтенше жағдайға байланысты мемлекет көмек берді. Сол қолдауды сезініп, ақшалай көмек алдым. Қазір сақтық шарасы күшейіп, ел барынша оқшауланды, үйде отыр», - деді Ойыл ауданының тұрғыны Гүлсім Елекбаева.

Ал шалқарлық Айгерім Алданов мүмкіндігі шектеулі баласын бағып, бар күтімін жасап отыр.

«Мен 16 жасқа дейінгі мүмкіншілігі шектеулі баланың анасымын. Балама мемлекет тарапынан жүйелі түрде жәрдемақы аламын. Төтенше жағдайға байланысты біз сияқты отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау ретінде көмек көрсетіліп жатқанына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Осындай сын сағатта беріліп жатқан көмек бізге үлкен қамқорлық деп білеміз. Еліміз бұған дейін көптеген қиыншылықтарды басынан өткерді. Олардың қай қайсысын да береке - бірліктің, ауызбіршіліктің арқасында жеңе білді. Егемен еліміз бұл жағдайдан да аман - есен шығатынына нық сеніммен айта аламын», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523