Алматыда белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталды
Әлнұр Ильяешевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Алматы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметінше, азамат Ильяшев жалған ақпарат таратқан деген күдікке ілініп отыр.
«Күдікті қоғамды әдейі адастырмау туралы бірнеше рет айтылған талаптарды елемеді. Өзі жариялаған ақпаратты сот талап етсе де терістемеді.
Нәтижесінде сот азамат Ә.Ильяшевке оған бұрын таратылған ақпаратқа қатысты шара қолдануды және оны жоққа шығаруды бұйырды.
Қазіргі уақытта бұл факті Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 2-бөлігі (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген », - деп хабарлады Алматы қалалық ДП баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Әлнұр Ильяшев адам құқығы мен бейбіт митингілер тақырыбында көпшілік жиындарда белсенділік танытып келген. Алайда оны көпшілігі жергілікті әкімдікті сотқа берген белсенді деп біледі. Белсенді бейбіт митинг өткізу үшін әкімдікке 35 рет өтініш жазып, рұқсат ала алмаған.
Қазір Ильяшев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.
Abai.kz