Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін мен тін 4107 7 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 11:58

Ислам: Демократия, құқық және тәртіп

Бауыржан Момышұлы өз сөзінде: «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпке бағынбаған ел болмайды», деген қағиданы ескере отырып, әр заманда мемлекетті басқару үшін тиімді құралдар мен механизмдер қажет болғанын айтты. Көне ғасырларда адамдар ру-тайпаға бөлініп, неше түрлі фетишизм, анемизм, тотемдерге сенді. Аталған сенімдердің діни абыздары тайпа басшысымен бірігіп елді басқаруға ат салысты. Сол секілді XVI ғасырда Европада христиан дінінің басшылары мен билік басшылары елді басқарғаны туралы тарихи деректер жетерлік. Тіпті дін басылары патшаларға үстемдік ететін замандарда болған. Бұл діннің халықты тәртіп пен бірлікте ұстау үшін үлкен рөл атқаратының көреміз. Дегенмен, XX ғасырда кейбір философтар дінді опиум, деп безіндіріп, сонымен қатар ғылым, технология дамыған заманда адамдар діннен өздері безетіндігін айтқан.

Қазіргі таңда 21 ғасыр технология мен инновация заманы болса да, керсінше жастар дінге лек-легімен барып, руханиятқа мұқтаж екенін көріп отырмыз. Діндердің негізгі рөлі адамзатты біріктіріп, әрбір отбасына береке, бірлік, татулық шуағын шашу болып табылады. Сол себепті әрбір адам өзінің бойындағы арсыз, имансыз, тұрпайы қылықтардан айырлу үшін Аллаға жақындайтыны сөзсіз. Яғни, дін қоғамды реттейтін жақсы құбылыс. Алайда, ақпараттық заманда кейбір мемлекеттер дінді жеке мүделері үшін халықтың санасын, ақылын басқару құралына айналдыруда. Дін арқылы адамды басқару дегеніміз адамдағы жеке көзқарасы мен пікірін, өмірге деген көз-қарасын жоя отырып, қатып қалған деструктивті діни догмалармен толтыру. Қазіргі кезде ондай ақпараттық шабуылдар шетелдік күмәнді діни уағызшылар ғаламтор арқылы қарқынды жүріп жатқанына бәрі куә. Солардың улы, қасаң діни уағыздарына уланған адамдар елміздегі демократиялық, зайырлы, құқықтық басқару жүйесіне қарсы шығып экстремистік және террористік әрекеттерге баруда. Діни экстремистердің түсінігінше, Қазақстанды халифатқа немесе шариғат заңымен басқару жүйесіне айналдыруды мақсат тұтады. Бұл мемлекетіміз бен халымыздың өмірі мен бостандығына үлкен қауіп төндіріп отыр. Аталған мәселені ескере отырып, ислам дініңде демократиялық, зайырлылық құндылықтар туралы баяндалғандығын жеткізуді жөн көрдім.

Демократия сөзі - халық билігі деген мағынаны береді. Яғни билік басшыларын халық өзі сайлайтын мемлекетті басқару жүйесін демократия деп түсінеміз. Бұндай басқару жүйесі ислам өркениетінде де болған. Оның негізін қалаған Мұхаммед пайғамбардың өзі. Мұхаммед пайғамбар 632 жылы дүние салған соң, мұсылмандарды басқару, мемлекеттің істерін жүргізуге міндеттелген адамды «халиф» десе, ал осы құрылымға «халифат» атау берілді. Ислам әлемі халифаны таңдауға қатысты басты екі көзқарасты құптаған сунниттік және шииттік. Сунниттер халифаның тағайындаумен, сайлаумен, тіпті билікті күшпен тартып алған жағдайда да, халифа болатындығын қабылдайды. Ал, шииттер халифаның тек қана Алла елшісі айтып қалдырған діни мәтін арқылы тағайындалатындығын алға тартқан. Шииттердің пікірінше, Мұхаммед пайғамбар көзі тірісінде өзінен кейін халифа ретінде өзінің күйеу баласы Алиді тағайындайды. Бірақ дүние салған соң, сахабалар оның өсиетіне құлақ аспай, Әлиді халифалық құқықтығынан айырған-мыс. Біз әртүрлі пікір мен олардың алға тартатын  дәлелдерін саралап жатпай, шиитерден басқа барлық ислам бағыттары «Алла елшісі көзі тірісінде халифа тағайындап қалдырмаған» деген пікірде бірігетіндігін айтумен шектелеміз. Көріп отырғандарыңыздай құрметті оқырман Мұхаммед пайғамбар өзінен кейін билік иесін тағайындамай, халықтың таңдау еркіне берген. Ең бірінші мұсылмандардың халифасы Әбу Бәкір  қалай тағайындалды соған тоқталып өтсек. Бұл Сақифа оқиғасы деп аталады. «Сақифа» сөзі «бастырма» деген мағынаны білдіреді. Әбу Бәкір халифа ретінде таңдалған жиын Бәни Сағиданың құрма кептіретін бастырмасында өткендіктен  «Сақифа жиыны» деген атау алған. Мұхаммед пайғамбар дүние салғаннан кейін мәдиналық мұсылмандар Пайғамбардан кейінгі басшыны сайлау үшін Бәни Сағиданың бастырмасына жиналады. Негізгі мақсат  Хазраж тайпасының көсемі Сағд ибн Убаданы басшы ретінде таңдау болды. Бұл жерде айта келе, пайғамбар ең алғаш Мекке қаласының  тұрғындарынан қысым көріп Мәдина қаласына көшеді. Бұл көшті «хижрет» деп атаған. Меккеден Мәдинаға хижра жасағандарды мұһажирлер деп атаса, оларды күтіп алған Мәдиналық халықты «ансарлар» деп аталды. Хазраж тайпасының көсемі Сағд ибн Убада Мәдиналық ансар болатын. Жиын барсында ансарлар исламға ерен еңбек еткендіктерін, Алла елшісі мен мұһажилерді қамқорлықтарына алғандықтарын тілге тиек етіп, халифаның өздерінің араларынан таңдалуы керектігін дұрыс деп тапты. Болып жатқан жайытты ансарлардың арасынан бір-екі кісі Омар сахабаға жеткізеді. Омар дереу Әбу Бәкірге мән-жайды баяндап, жолдан Әбу Ұбайда ибн Жарахты ілестіріп жиын болып жатқан жерге барады. Аздаған адамнан тұратын мұһажилер тобы келген соң, ансарлардан бір адам сөз алып, жоғарыда айтып өткен себептерді тізіп, халифаның өз араларынан шығу керектігін айтты. Кейін Әбу Бәкір сөз алып, ансарлардың исламға жасаған қызметіне қатысты айтқан сөздерінің барлығының орынды екендігіне тоқталады. Бірақ арабтардың әдет-ғұрпын негізге ала отырып, олардың тек Құрайыш тайпасынан шыққан адамға ғана бағынатындығын баса айтады. Сонымен қатар жиналғандар тарқап, талас-тартыс тоқтау үшін Әбу Ұбайда ибн Жарраһ немесе Омар екеуінің бірін халифа ретінде таңдауды ұсынады. Бірақ ол екеуі де ұсыныстан бас тартып, Әбу Бәкірдің өзіне серт (байғат) беруіне байланысты сол жердегілердің барлығы да Әбу Бәкірдің халифа болуын құптайды. Көріп отырғандай ең алғашы билікке тағайындау Меккелік халық  пен Мәдиналық халық  арасында билікке таласу соңы Әбу Бәкір сахабаның халифа болып тағайындалғанын көреміз. Бұл да мұслмандар үшін үлгі болу керек еді. Өкінішке орай, сайлау арқылы билікті беру жүйесі Үмияд халифалық кезінде жойылып, патшалық басқаруға көшеді. Патшалыққа көшу оқиғасы төмендегідей болған.

Әділетті халифалардың соңғысы Әли ибн Әбу Тәлиб дүниеден өтерінде орына халифа қалдырмайды. Төртінші халифа харажиттік діни ағымның қастандығынан қайтыс болғаннан кейін, халық оның ұлы Хасанды халифа етіп сайлайды. 661 жылы мұсылмандардың халифаттың астанасы Мәдина қаласы болатын. Сол кезде Шам қаласы қазіргі Сирия әкімі Мағауия Иракты өз билігіне алу үшін уақыт жоғалтпай әрекетке кіріседі. Хасан да 12 мың кісілік әскермен «Мәдәйін» деген жерге аттанады. Біраз жол жүргенде өзінің қолбашысына Мағауияның ақша беру арқылы өзіне қаратуға тырысып жатқандығын естіген соң, әрекеттерінің жеміс беретіндігіне күмәндана бастайды. Бір жағынан, екі әскердің арасында мақсат пен қимыл тұрғысынан да үлкен айырмашылық болатын. Бұндай шарттарда Мағауияны жеңіп сәттілікке жету де мүмкін емес еді. Сондықтан қазіргі жағдайда әрекет ету мұсылмандарға зарар беріп, көп мұсылманның қаны төгілмес үшін Мағауиямен келісімге келіп биліктен бас тартады. Биліктен бас тартқаннан кейін мұсылмандарға басшы кім болатынын өзінен кейін кеңес мәжілісі шешуі шарт етіп, Мағауияға тапсырады. 661 жылы Хасан билікті өз еркімен Мағауияға өткізеді. Бұл оқиғаны мұсылмандар «амул-жамаға» бірлік жылы деген атау берген.

Осылайша Мағауия бүкіл ислам әлемінің жалғыз халифасы болу абыройына қол жеткізеді. Бұл оқиғадан түсінетініміз  Хасан Мағауияға күші жетпеседе билікті кеңес мәжілісі арқылы өту керек екенін талап етті.  Өкінішке орай, пайғамбар Мұхаммед және төрт әділетті халифалар салып кеткен сара жолдың жойылуына Мағауия себеп болады. 661 жылы Хашим ұлдарымен қатар Құрайш тайпасының екі үлкен тармағының бірі болған Умәуилер руынан шыққан Мағауия 19 жыл халифатты басқару кезінде 669 жылы Әлидің баласы Хасан қайтыс болғанан кейін ұлы Язидті өзінің орына тақ мұрагері етіп тағайындайды. Дегенмен, сол кездеде Мәдинадағы Хусейн ибн Али, Абдулла ибн Омар, Абдуррахман ибн Әбу Бәкір, Абдулла ибн Зубәйр сынды алдыңғы қатарлы, беделді тұлғалар Мағауияға серт беруден бас тартқан. Себебі Мағауияның халифатты әкеден балаға мұраға қалатын патшалыққа айналдыруын хош көрген жоқ болатын. Оған қарамастан Мағауия мұрагер тағайындаумен халифалық басқару жүйесі әкеден балаға қалатын патшалыққа айналып, бұдан кейінгі ислам мемлекеттерінің барлығы осы жүйеге көшкен болатын. Тарихи дерекке көз жүгіртіп отырғандардай, пайғамбар Мұхаммед және әділетті төрт халифаның кезінде билікті халық сайлаған адам болу керектігін көреміз.

Осындай демократиялық басқару жүйесін 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің сара жолы деп танып, сол жолмен жүріп келе жатқанымызға отыз жыл уақыт болды. Демократиялық, құқықтық, зайырлы басқару жүйесінің арқасында конфессия және ұлтаралық келісімді сақтап тату-тәтті өмір сүруде. Сондықтан да біз құны жетпес бүгінгі күннің шексіз нығметіне Аллаға шүкір деп, осы жүйенің дамуына ат салысуымыз керек.

Орта ғасырдағы келмеске кеткен халифалықты аңсамай Пайғамбар өз өсиетінде айтып кеткендей: «Менен кейін халифалық ретінде елді басқару отыз жыл болады. Содан кейін патшалыққа өтеді» деп, пайғамбарымыз бен төрт әділетті халифаның заманындағы дәуір келмеске кеткеніне айғақ бола алады.

Ерзат Жақып,

Жамбыл облысы әкімдігінің

«Дін проблемаларын зерттеу орталығының»

бөлім басшысы.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478