Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5251 4 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 16:23

Исраил мемлекеті өздерінің өлі тілдеріне жан бітірді. Ал, біз...

ХХ ғасырдың орта шенінде дүниеге Исраил деген мемлекет келді. Оны екі мың жыл бұрын отанынан қуылып шалғайда еріксіз босқынға айналған жәһүдтің ұрпақтары баянды етті. Арада сан ғасыр өтсе де кім екенін ұмытпай, болмысын ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген сол жәһүдтердің рухына таң қаламын.

Бірақ Исраил мемлекеті құрылған сәтте жер-жерде босып жүрген, ортақ мекені жоқ, тілін, дәстүрін, мәдениетін ұмытқан тобырды ұлт ретінде ұйыстырар ортақ құндылықтар қажет болды. Бұл істі жәһүд зиялылары тілден бастады. Атап айтқанда баяғыда ұмыт болып өлген төл тілі - Ивритке жан бітірді. Сондағысы Исраил басшылары емін-еркін бірнеше шет тілін меңгерсе де өзара да, елімен де тек Ивритше сөйлесті. Жаңадан ойлап табылған тілдің кедейлігі, сөздік қордың тарлығы, терминдердің қалыптаспағаны оларға еш бөгет болмады. Қайта қиналса да тырысып-тырмысып Ивритпен қатар жәһүдтің мемлекетін жаңғыртты. Нәтижесі белгілі - жоқтан бар жасаған жәһүдтер әлемдегі ең дамыған, өзімен кімде-кім санасатын ел болды.

Осы тәжірибенің қасында Қазақты көргенде қарның ашиды. Елі, жері, тілі, заңы бар, күллі әлемнің мойындауы тағы бар елдің ресмилері мен зиялылары өз елінің емес басқаның тіліне бүйрегі тартып тұратыны намысқа тиеді. Осылай жалғаса берсе барды жоқ қылудың ауылы да алыс емес.

Расул Жұмалының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475