Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4090 0 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 18:20

Карантиндік режимді біртіндеп жеңілдету шаралары қабылданады

ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданатынын айтты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - ред.), мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Премьер-Министр Үкіметтің онлайн отырысында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2779
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852