Сенбі, 23 Қараша 2024
3804 4 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 11:46

Қазақстанда дәрігерлерге тиесілі үстемақы басқа адамдарға төленген

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге тиесілі үстемақыны басқа адамдар алған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынының басшысы Айбатыр Жұмағұлов осылай деп мәлімдеді.

"Дерт жұқтыру қаупі жоғары топ, бір айдағы жұмыс уақыты асыра көрсетілген. Үстемақы параклиникалық бөлім мамандарына төленбеген, ақпараттық жүйеде жоқ адамдар алған", - деп мәлімдеді Жұмағұлов. Оның айтуынша, кейбір қызметкерлерге үстемақы артығымен төленген.

Жұмағұлов үстемақы алуы тиіс дәрігерлерге міндетті түрде төленетініне уәде берді. Денсаулық сақтау саласының 26 мың қызметкері үстемақы алады. Бұған бюджеттен 35,7 миллиард теңге (шамамен 82 миллион доллар) бөлінген.

Жұмағұловтың айтуынша, 17 425 медицина қызметкері наурыз айына тиесілі үстемақы алды. Оған 7,8 миллион доллар жұмсалды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлерге 1967-490 доллар аралығында үстемақы тағайындалды. Үстемақы көлемі дәрігер жұмысының ауырлығына қарай анықталады.

Республиканың бірнеше қаласы мен аймағында медицина қызметкерлері уәде етілген үстемақы алмағанын айтқан. ​Билік дәрігерлерге сыйақы ретінде бюджеттен 35 миллиард теңге бөлуге уәде берді. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2289 адам коронавирус жұқтырған, олардың кем дегенде 652-і - медицина қызметкері.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397