Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағында АҚШ кемелеріне кедергі келдірген иран кемелерін атқылау туралы жарлық берген. Иран әскери катерлерінің АҚШ эсминеціне жақын келгені жөнінде 15 сәуірде хабарланған еді.
Трамп мәлімдемесінен соң Иран АҚШ-тың Тегерандағы мүддесін қорғаушы Швейцария елшісін шақыртты. Оған Ақ үйге арналған наразылық нотасы тапсырылды. Иран билігі Вашингтонды теңіз қауіпсіздігі мен кемелердің еркін қозғалу тәртібін сақтауға шақырды.
Биыл қаңтар айында АҚШ Иран генералы Кассем Сүлейманиді өлтірген соң Вашингтон мен Тегеран арасындағы дау шиеленісе түсті. АҚШ-тың әскери операциясына күшпен жауап берген Иран Ирактағы америкалық базаны атқылады. Шабуылдан АҚШ-тың ондаған жауынгері зардап шекті.
Abai.kz