Сенбі, 23 Қараша 2024
2986 4 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 12:04

Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады

Қытайлық дәрігерлер Қазақстандағы өздерінің жұмыстарын аяқтап, үйлеріне оралды. Медицина қызметкерлері тобының Қытайға қайтуын Қазақстан Әскери әуе күштері әскери-транспорттық авиация күшімен жүзеге асырылды.

10 қытайлық дәрігерлерден құралған топтың  9 сәуірден басталған елімізге келуі 15 күнге созылды. Осы уақыт ішінде Аспанасты елінің мамандары  медициналық мекемелерге барып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар аясында қазақстандық әріптестерімен коронавирустық инфекцияны алдын-алу мен COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу, инфекцияны жұқтырған адамдарды анықтау алгоритмі мен оларды оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеулер әдістері, медициналық персоналдың диагностикадан өтуі мен олардың инфекцияны жұқтыруларын болдырмау туралы тәжірибелерімен бөліскен болатын. 

Аталған шараларда әскери дәрігерлер де қатысқан болатын. Қазіргі таңда әскери медициналық персонал коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу және қауіпті инфекциямен күрестегі қажетті көмек көрсетумен айналысуда.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402