«Біз біргеміз!» Көп біріксе күш екенін дәлелдейтін уақыт!
Қаржылық қиындық пен қауіпті вирус қос бүйірден қысқан алағай да бұлағай шақта ел-халықтың тұрмысын түзеу, індеттін бетін қайтару үшін Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан бірқатар маңызды шешімдер қабылданған болатын.
Олардың бірысыпысары – қалаларды карантинге жабу, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үш ай бойы үстеме ақы төлеу, зейнетақы, жәрдемақы, АӘК мөлшерін 10 пайызға индексациялау, карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем беру (3 миллион адамға деп жоспарланған), банктік несиелерді шегеру, 800 мың адамға тегін азық-түлік акеттерін тарату, Шағын және орта бизнесті уақытша салықтан босату, ауылшаруашылығына, көктемгі егіс науқанына қаржылық қолдау т.б.
Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан ұсынылған әлеуметтік көмек пакеттері ел-халықтың алдына жете бастады.
Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы мен Үкімет қабылданған шұғыл шараларға өз кезінде қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси партиялар да үн қоса бастады. Сонымен, еліміздегі ең ірі саяси партия карантин кезінде не істеп жатыр? Біз шолу жасап көрдік.
150 миллион теңге
Қазақстандағы ең ірі қоғамдық-саяси партия - «Нұр Отан» елде жарияланған Төтенше жағдай мен карантин кезінде тұрмысы төтен отбасылар мен ел-халықтың әлеуметік аз қамтылған тобына қолдау ретінде 150 миллион теңге бөлді.
Бұл қаржы карантин кезінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты және көп балалы аналарға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға т.б. көмек ретінде берілмек.
«Бұл қаражатқа қажетті медициналық бетперделер мен антисептикалық заттар және алғашқы қажетті құралдар алынады. Партия жанындағы «Жас Отандықтар» мен еріктілер халықтың тұрмысы төмен тобына таратып береді. Бұған қосымша, Орталық аппарат пен партия филиалдарының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Бір аптада 12 мың отбасыға көмек
Ал «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында коронавирус кезінде ас-ауқаттан тарылған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау үшін қосымша қаражат бөлінген. Партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, бір аптаның ішінде12 мыңға жуық отбасыға 214 миллион теңгенің көмегі берілген.
Тұңғыш Президент Қоры 200 миллион бөлді
Ал 27 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның барлық ресурсы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Төтенше жағдай кезінде елдегі мұқтаж азаматтарға көмек ұйымдастыру шараларына жұмылдырылатынын айтты.
Елбасы тапсырмасымен партия бюджетінен азаматтарға көмек үшін 150 миллион теңге бөлінсе, Тұңғыш Президент Қорынан тағы 200 миллион теңге бөлінетін болды.
Еріктілер күн сайын 400 үйге барады
«Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, партия еріктілері күн сайын 400 үйге азық-түлік таратып жатыр.
«Әлеуметтік аз қамтылған 10 мыңға жуық отбасы партиядан қайырылымдылық пакеттерін алып отыр. Карантин кезінде үйден себепсіз шығуға және болмайды. Сондықтан, біздің еріктілеріміз 2 апта ішінде оларды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуге тырысады. Ол пакеттердің ішінде медициналық бетперделер, антисептиктер, азық-түліктер т.б. қамтылған», - деді Бейсенбаев.
Өңірлердегі партия мүшелері де карантин кезінде қайырымдылықтан шет қалмады.
Көп түкірсе көл
Ақмолада «Нұр Отан» партиясының мүшесі жеке кәсіпкер Дина Нұрмақова 1,2 миллион теңгеге бетперде сатып алып, «Жас Отан» еріктілері арқылы көп балалы отбасыларға, мұқтаж азаматтар мен қарт кісілерге үлестіріп берген.
Ал Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов азық-түлікке мұқтаж азаматтарға деп 20 миллион теңге бөлген. Сондай-ақ, Қарағандылық кәсіпкер, партия мүшесі Ғабдолла Дүйсенбаев жедел тесттер сатып алу үшін 5 миллион теңге аударған.
Abai.kz