Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3088 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 10:38

Барлығы барлаудан басталады

Барлығы барлаудан басталады

Барланған қорлар өсімі аймақтың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Табиғи ресурс қорларының толыға түсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін факторлардың бірі. Өнеркәсіптің қарыштап дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жас жеткіншектерге  білім беретін  мектептер мен бала-бақшалардың   және заманауи құрал-жабдықтарымен қамтылған ауруханалардың бой түзеуі - осының барлығы экономикалық дамумен байланысты жағдайлар екені баршаға белгілі.

Бұны білу үшін адамға арнайы экономикалық білім алудың қажеті шамалы шығар...    Бір қызығы бұл турасында көп айтылады, тіпті, ерінбеген екінің бірі сөз етеді, алайда нақты не жасалды? Ретімен тоқталып көрейік.

Табиғи ресурстар

Мәселенің мәніне тереңірек үңілсең шаруаның оңтайлануы ұқсатып ұстау мен үнемге барып тірелетінін байқайсың. Осы жайтқа әркез мән беріп отыратын елімізде  2010 - 2014 жылдарға арналған  Минералды-шикізат кешенін дамыту жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын.  Аталған бағдарлама бойынша, барлық негізгі пайдалы қазбалар қоры арттырылуы тиіс.

Барлығы барлаудан басталады

Барланған қорлар өсімі аймақтың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Табиғи ресурс қорларының толыға түсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін факторлардың бірі. Өнеркәсіптің қарыштап дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жас жеткіншектерге  білім беретін  мектептер мен бала-бақшалардың   және заманауи құрал-жабдықтарымен қамтылған ауруханалардың бой түзеуі - осының барлығы экономикалық дамумен байланысты жағдайлар екені баршаға белгілі.

Бұны білу үшін адамға арнайы экономикалық білім алудың қажеті шамалы шығар...    Бір қызығы бұл турасында көп айтылады, тіпті, ерінбеген екінің бірі сөз етеді, алайда нақты не жасалды? Ретімен тоқталып көрейік.

Табиғи ресурстар

Мәселенің мәніне тереңірек үңілсең шаруаның оңтайлануы ұқсатып ұстау мен үнемге барып тірелетінін байқайсың. Осы жайтқа әркез мән беріп отыратын елімізде  2010 - 2014 жылдарға арналған  Минералды-шикізат кешенін дамыту жөнінде арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын.  Аталған бағдарлама бойынша, барлық негізгі пайдалы қазбалар қоры арттырылуы тиіс.

Бүгінгі таңда біз негізінен кеңес дәуірінде ашылған ескі кен орындарын пайдаланудамыз. Алайда не нәрсенің де өлшемі, шегі бар: қазақ жеріндегі қазбалар  қоры да шексіз емес. Егер геологиялық барлау жұмыстарын жүргізбесек, жиырма-отыз жылдан кейін шикізат базасынсыз қалуымыз мүмкін. Бұл - әлі де зерттеліп бітпеген бай қазыналы Қазақстанда болуы ықтимал жайт!

Бағдарламаны іске асыруда елдің ірі өнеркәсіптік компаниялары үлкен роль ойнайды. Бүгінде геологиялық барлау саласындағы ең белсенді жұмысты ҚМГ БӨ компаниясы атқарады. Мысалы, бір ай бұрын компания көмірсутектік шикізатты барлау бойынша бірден төрт келісімшартқа қол жеткізгендігін жариялады.

Келісімшарттар Темір, Теріскен, Қаратон-Сарықамыс блоктарында және Өзен, Қарамаңдыбас кен орындарына қарасты аумақтарда барлау жүргізуді қарастырады.  Барлау жұмыстарының жалпы құны  43,8 млн АҚШ долларын құрайды. Компанияның бағалауы бойынша барлық блоктардағы геологиялық ресурстар мұнай эквивалентінде 1,5 млрд. баррельді құрауы мүмкін. Бұл блоктардағы жұмыс бойынша шаралар жоспары жасалған, оған сәйкес алдағы бірнеше жылда 2Д және 3Д сейсмикалық барлау, 6-17 ұңғыда әр түрлі блок бойынша іздеу-барлау бұрғылау жұмыстары мен жекелеген құрылымдар бойынша мәліметтердің өңделуі мен талдауы жүргізіледі. Мысалы, 2011 жылы Ақтөбе облысындағы Теріскен блогында Дияр және Маңысай құрылымдары бойынша сейсмикалық барлау мәліметтерін өңдеу және талдау жұмыстары жоспарланған.

Ресурстық базаны дамыту үшін қаржы тарту - компанияның мақсатты саясаты. Өткен жылы ол геологиялық барлауға 47 млн АҚШ долл. көлемінде салым жасады. 2011 жылы геологиялық барлауға жасалған инвестициялар 150 млн-нан астам АҚШ долларын құрады.

ҚМГ БӨ үшін өткен жыл  сәтті болды, соның ішінде геологиялық барлау үшін де. Компанияның барлау блоктарының бірі Лиманда мұнай қоры табылды. Қазір онда сейсмикалық зерттеулер нәтижелерін өңдеу мен талдау және барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2010 жылы ҚМГ БӨ Қазақстанның құрлықтық бөлігінде барлау жүргізуге келісімшарттары бар бірқатар компанияны сатып алды, BG Group-пен Солтүстік теңіздегі White Bear блогында бірлескен барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімшартқа қол қойды. Мамырда ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, сол арқылы бірқатар мұнай-газ жобаларының мәліметтеріне қол жеткізе алды, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жобаларға да. Жобалардың тізіміне теңіз блоктары - «Жамбыл», «Үстірт» («Өлі Құлтық»), «Жеңіс», «Година», «С-1» и «С-2», сонымен қатар, Өріктау кіреді. Қазір осы жобалардың инвестициялық тартымдылығының техникалық-экономикалық және коммерциялық бағалауы жүргізіліп жатыр. Алынған нәтижелерге сәйкес ҚМГ БӨ-нің іске асыруға қатысуы қарастырылады.

Осы сияқты жобалар мен салымдар компанияға қаражаттың бірден қайтуын, пайданың жылдам келуін қамтамасыз етпейді. Алайда бұл - болашаққа салынған инвестициялар, олар келешектегі жұмыс орындарын қамтамасыз етуге, аймақ экономикасын дамытуға, аралық өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіпті дамыту

Әлемдік экономиканың даму қарқыны бәсеңдегеніне қарамастан, Қазақстандағы өндіріс көрсеткіштері өсуін тоқтатқан жоқ. Әзірге бұл өсімді негізінен шикізат секторы қамтамасыз етуде. Алайда Қарқынды индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар өндірісінен түскен кіріс шикізаттық емес өндіріс салаларына көмектесуі керек. ЖІӨ-дегі салмақты үлесті ақпараттық технологиялар, транспорт, байланыс, машина құрылысы, қосымша құны жоғары басқа да тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер құрайтын болады.

Ірі компаниялар, соның ішінде мұнай-газ секторының кәсіпорындары жыл сайын жеткізушілерге жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ондаған млрд теңге төлейді. Қазақстандық құрамды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың арқасында бүгінде өнеркәсіп флагмандары барлық қажетті тауарларды отандық өндірушілерден сатып алуға тырысады. Демек шағын және орта кәсіпорындардың кепілді өткізу рыногы мен анық өсімі пайда болды.

Аймағымыздағы мемлекеттің қатысуы бар ірі қазақстандық компанияны тағы да мысал ретінде ұсынуға болады, бұл - ҚМГ БӨ. 2010 жылы ол 13,3 млн тонна мұнай өндіріп, Қазақстандағы мұнай және газ өндірісі бойынша алғашқы үштікке енді. Өткен жылы қабылданған Өсім стратегиясына сәйкес компания көмірсутек өндірудің жылдық орта қарқынын 3% деңгейінде ұстамақ.

Бүгінгі таңда ҚМГ БӨ сатып алуларындағы қазақстандық құрам үлесі 50%-дан астам деңгейді құрайды. Өткен жылы компания отандық тауарөндірушілермен 15,7 млрд теңге мөлшерінде келісімшарттар жасады. Ал 2011 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықтағы келісімшарттар 10,7 млрд теңгені құрады. Компаниядағы өндіріс өсімі келешекте жергілікті кәсіпорындардың тауарлары мен қызмет көрсетулеріне деген сұранысты арттырады.

Қазір ҚМГ БӨ көптеген тауарларды шетелден сатып алуға мәжбүр, себебі Қазақстанда олар әзірге өндірілмейді. Бұл - түрлі химиялық (қышқылдар, полиакриламид, хлорлы кальций және т.б.), құбырлар (бұрғылау, үлкен диаметрлі пісіргіш құбырлар және т.б.), күш кабельдері, электродвигательдер, мойынтіректер, пакерлер, бақылау-өлшеу құрылғысы және көптеген т.б

Дәл осындай өнімдер өндірісін қазақстандық кәсіпорындар базасында ұйымдастыруға болады. Оған қоса, қазақстандық құрамды арттыру үшін зауыттар мүмкіндіктерінше импорттық емес, отандық шикізатты сатып алу, отандық кәсіпорындар қызметтерін пайдалану арқылы локализация пайызын арттыру қажет. Отандық өндірушілердің жаңа, сұранысқа ие өнім түрлерін өндіруі өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көрсеткіштерінің артуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорындар орналасқан аймақтардағы әлеуметтік саланың дамуына мүмкіндік береді

Әлеуметтік инфрақұрылым

Аймақ әл-ауқаты - бұл оның тұрғындарының дәулеті. Тауар өндірісі мен қызмет көрсетулердің өсімі халықты түрақты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, жалпы өмір сүру сапасын жақсартуға, адам капиталы дамуына инвестиция жасауға мүмкіндік береді.

Статистка агенттігінің мәліметтеріне сәйкес Атырау және Маңғыстау облыстары Қазақстан аймақтарының арасында еңбекақының орта деңгейі бойынша әдетте алғашқы орындарда тұрады (160 және 150 мың сәйкесінше). Бұған қоса ең жоғары бағаланатыны - қатал климаттық жағдайда кәсіп ететін мұнайшылардың ауыр жұмысы.

Жалпы алғанда бұл аймақтардағы өмір сүру сапасын айтарлықтай жоғару деуге болмайды. Елді мекендер арасындағы үлкен қашықтықтар, коммуникацияларды жүргізудің техникалық күрделілігі мен қымбаттығы, жолдар тығыздығының төмендігі, тұщы су көздерінің жетіспеушілігі және қалыптасқан басқа да факторлар халық өмірінің деңгейіне әсер етеді. Алайда өлкенің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатында көп шаралар жасалуда.

Мысалы, ҚМГ БӨ алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының бірі ретінде тек өзінің негізгі кәсібімен ғана айналыспайды, сонымен қатар, мектептер, тұрғын үйлер, жолдар және спорт ғимараттарының құрылысын қаржыландырады. Доссор мұнайының 100 жылдығына қарсы компания Доссор кентінде 80 орындық бала-бақша салды, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен стадионды жаңартып қалпына келтірді. Сонымен қатар, бірнеше орта мектеп аумағында жасанды жабыны бар спорт алаңдары орнатылды. Доссор мұнайының 100 жылдығына орай ескерткіш қойылған аллея мұнайшылар кентіне көрік беріп тұр.

Доссор сияқты ескі кен орындары өнеркәсіптік және коммерциялық мәнін жоғалтса да, сол өнеркәсіпте жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының келешегі үшін жауапкершілікті ҚМГ БӨ өзіне жүктейтінін айтады. Сондықтан адамдар өз ертеңі үшін сенімді.

ҚМГ БӨ жекелеген әлеуметтік жобалармен шектелмейтінін айта кету керек. Ол өз жұмысшыларының және олардың отбасыларының еңбек жағдайын және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді әрі жүйе жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл жұмысты өндіріс өсімімен бірге келешекте де жалғастыра бермек.

2011 жылы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына орай Каспий теңізінің жағалауында Жаңаөзен қаласына жақын  орналасқан  «Кендірлі» демалыс аймағында  балшықты емханасы бар бірегей медициналық-сауықтыру орталығы ашылды, бұнда тек мұнайшылар мен өнеркәсіп ардагерлері ғана емес, кез-келген адам ем қабылдап, демала алады. Сондай-ақ «Кендірліде» 250 орындық балаларға арналған сауықтыру лагері қолданысқа берілді. Аталмыш екі нысанның  құрылысына ҚМГ БӨ 1,5 млрд-тан астам теңге бөлді.

Компания мүгедек балаларға, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға әрқашан көмек көрсетіп келеді және болашақта да жәрдемдеседі. ҚМГ БӨ - жұмыссыз зейнеткерлерге қолдау көрсететін санаулы компаниялардың бірі, ол өз қамқорына үш мыңдай адамды алған. ҚМГ БӨ әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ, спорт пен салауатты өмір салтын да қамтиды. Жалпы алғанда Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік инфрақұрылымдарына салынған инвестициялар осы жылы 4,8 млрд-тан астам тенгені құрады. Компанияның келешектегі дамуы, барланған қорлардың  өсуі және мұнай өндірісі деңгейінің артуы ҚМГ БӨ-ге акционерлік құнды арттыруға мүмкіндік береді, демек бюджетке құйылатын салықтар, соның нәтижесінде аймақтар дамуына салымдар да өседі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364