Сенбі, 23 Қараша 2024
5220 0 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 14:21

Қазақстанда төтенше жағдай туралы заңға өзгертулер енгізілді

Төтенше жағдай туралы заңды 14 бағыт бойынша толықтыру жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

Мәжіліс төтенше жағдай мәселелері бойынша  кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

«Заң жобасы 14 саланы қамтиды:банк, салық, бюджет, кеден, мемлекеттік сатып алулар және басқалары. Төтенше жағдай кезінде бұл салаларға реттеу функцияларын орнатуға болады.

Бұл экономикаға барынша әсер ететін салалар, сондықтан жедел шаралар қабылдау қажет, оның ішінде салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік сатып алуды жеделдету, әлеуметтік қамсыздандыру, валюталық реттеу және басқа да бірқатар мәселелер », - деді Дәленов Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, ол аталмыш заң жобасы мерзімі аяқталған жеке куәліктері мен жүргізуші куәліктерінің төтенше жағдай кезінде жарамды болуына мүмкіндік беретінін айтты. Мәжіліс депутаты Шафхат Өтемісовтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда жарамдылық мерзімі өткен жеке куәлікпен 99,5 мың азамат тіркелген, 68 мың адамның жүргізуші куәліктерінің мерзімі өткен.

«Төтенше жағдай туралы» Заң төтенше жағдай кезіндегі заңнаманың кейбір салаларының әрекет ету ерекшеліктерімен толықтырылған. Заң жобасына 14 бағыт кіреді: салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама; денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңдар; әлеуметтік қорғау, мемлекеттік меншік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында; сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін орындау туралы», - деді ұлттық экономика министрі.

Дәленовтың айтуынша, Төтенше жағдай кезінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер, ТЖ  мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Ерекше жағдай әр түрлі мерзімге белгіленетін актілерден тұрады. Сонымен қатар, заң жобасының ғылыми-экономикалық сараптамасының қортындысында: «Заң жобасын іске асыру Президенттің төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық қатынастарға жедел араласуын қамтамасыз етеді, бұл тұрақтылықты сақтауға және ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шараларды талап етеді», - делінген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінгі таңда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1,5 мыңнан астам адам тергеу изоляторларына қамалып, 5 мыңнан астам адам айыппұл түрінде әкімшілік жаза алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381