Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 9695 0 пікір 30 Сәуір, 2020 сағат 16:19

"Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын!"

Нағашы апам жарықтық "тұлыпқа мөңіреген сиырдан сүт шықпайды" деуші еді.

"Ит тойған жеріне, ер туған жеріне" дегенді айтқан қазақтың даналығына бас имей көріңіз! Кешеден бері Жоптистің пікірі талқыға түсіп жатыр.

Мен үшін Жоптистің кім болғаны маңызды емес. Тіпті ол Қазақстан үшін не істегені де маңызды емес. Себебі қарнының қамы үшін, өлместің күні үшін істеді бәрін. Тіпті жириновский секілді айтақшысының айтағына еріп, қазақ елінің арқасында күн көріп жүруі де мүмкін.

Жириновскийдің итаршысы болмаса Жоптис келмеске кеткен кеңес үкіметін аңсап, әлем Алматы деп атап кеткен оңтүстік астананы "Алма-ата" деп сандалмас еді ғой. Кезінде жироновский де осы әңгімені айтқаны естеріңізде болар.

Бұл Жоптис балаға кеше де ескерткен едік. Митинг туралы заң жобасы жақсы бола ма, жаман бола ма, осал бола ма, оспадар бола ма, ол тек Қазақстан азаматтарына ғана тиесілі. Оған өзге елдің азаматтарын араластырудың қажеті жоқ!

Себебі қазақ, "Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын!" деген. Шетелден келіп қазақ ұлтының жоғын жоқтап беретін адам көрген емеспін! Әркім өзінің бас пайдасын ғана көздейді.

Ержан Жаубай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963