Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2192 0 пікір 18 Тамыз, 2011 сағат 06:50

«Нұрлы жол» - Елбасы қалап ат берген қалашық

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Өскемен қаласының іргесіндегі Новоявленка елді мекеніне алыстан келген ағайындарға арналған 360 тұрғын үй, түрлі әлеуметтік нысандар салынады дегенді облыс Әкімінің аузынан естігенімізге бір жыл да бола қойған жоқ. Сол кездегі санадағы үйлер бүгін сән сәулеті жарасып, қала іргесінен сап түзеген.

Небәрі 7-8 айдың ішінде толықтай бой көтерген жаңа қалашықты көргенде өз көзіңізге өзіңіз сену қиын. Ат- шаптырым алқапты бойлай он қатар сап түзеген 300-дей ақшаңқан үйлердің ажары, оқтай түзу көшелері көздің жауын алады.

Осы бір жайнаған жаңа қалашықтың алғашқы тұрғындары болу бақыты Нұрбақыт, Әскерхан атты екі қандасымыздың отбасына бұйырыпты. Қазақы дәстүрмен «Қоныстарың жайлы, қазандарың майлы болсын» айтып, Нұрбақыттың үйінің босағасын аттадық. Ине-жіптен жаңа шыққан үш бөлмелі жайлы баспана көңілге шуақ шашып тұрғандай. Отбасы мүшелері де мәз-мейрам. Балалардың шаттық күлкісі естіледі. 76 шаршы метрлік тұрғын үйдің бөлмелері кең, еңсесі биік, ауласы жарық. Барлық бөлмелер электр тогымен жылиды. Өткен қыстың жырына айналған Көкшетау қаласы іргесіндегі дәл осындай үйлердей құрылыс сапасы суықта сыр бермесе, әзірге сыртқы көркіне сын таға алмайсыз.

Сөзге бірінші болып үй иесі Нұрбақыт емес, сырттан бізбен бірге кірген осы сәнді үйлерден үміткерлердің бірі Бақытбек Матиханұлы атты азамат араласты.

- Бұл үйде кешеден бері бір емес, екі бірдей қуаныш. Нұрбақыт жаңа пәтерге ие болудың сыртында жаңа ауылдың әкімі болып тағайындалды. Қос қуанышпен құттықтайсыздар.

- Бәрекелді, қуаныштарыңыз құтты болсын!

Нұрбақыт Атанұлы ҚХР-дың Алтай аймағы Шеміршек ауылдығынан атажұртқа 2007 жылдың аяғында көшіп келіп, Ұлан ауданының Сағыр ауылдық округіне қоныстаныпты. Мамандығы - заңгер. Қытайда да сегіз жыл үлкен ауылдың әкімі болып қызмет атқарған, басшылықтың қыр-сырын жақсы білетін іскер азамат болып шықты. Зайыбы Алтынхан Тұрдыханқызы Шеміршек ауылында 17 жыл балабақша тәрбиешісі болған, өзі де бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Құдай қаласа сүйікті кәсібімен айналысатын күн жақын.

- Келе ұсақ-түйек шаруамен айналыстым. Жаңа ортада өз орнымды таба бастадым. Ұлан ауданының әкімдігінде түрлі шаруа атқардым. Соңғы екі жылда БҰҰ-ның даму бағдарламасы халықаралық жобасының ұлттық еріктісі болып істедім. Енді, міне, ел сенімін арқалайтын жаңа қызметке тағайындалып отырмын. Кеңсе кілтін алдым. Компьютерге дейінгі барлық жабдықтар қойылған. Қала әкімдігінен қызмет бабына жаңа машина берді. Қос қуаныш иесі мен ғана емес, бұл жігіт менің жүргізушім. Бірер күнде Тарғындағы отбасын көшіріп келіп, Елбасының қолынан жаңа пәтердің кілтін алғалы отыр. Сондықтан Бақытбекті де қос қуанышымен құттықтауға болады. Елім, Отаным деп келгенде осындай қамқорлыққа бөлеп жатқан Елбасына, үкіметке, облыс басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Біз жат елде туып - өссек те арқа сүйер атажұрты бар нағыз бақытты жандар екенбіз, - дейді Нұрбақыт ризашылық сезіммен.

Бақытбектің зайыбы Ғалия да 15 жылдық еңбек өтілі бар мейірбике екен. Мамандығы бойынша қызметке орналасудан үміттілердің бірі.

Ал, жаңа қалашықтың алғашқы екі тұрғынының бірі Әскерхан 2006 жылы Ұлан ауданына Моңғолиядан көшіп келіпті. Мамандығы - қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Баян-Өлгий аймағының Ойғыр орта мектебінде директор болып қызмет атқарған. Зайыбы Тошала Аулыққызы - екі баланың анасы, мамандығы - есепші. Әрі сегіз жылдық еңбек тәжірибесі бар балабақша тәрбиешісі.

Жаңа үйлерінің ипотекалық несиесін өтеу туралы сөз болғанда барлығы да «Нұрлы көш» бағдарламасына енген әрбір отбасынан екі адамды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге, өздерінің мамандықтары бойынша қызметке орналасуға мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік мекемелер ертең-ақ есігін ашқалы отырған жаңа ауылдарының мүмкіндігіне сеніп шарт жасасқандарын айтады.

Осы бір сәнді қалашықтың ашылу салтанаты Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен наурыздың 25-і күні өткен болатын. Шетелден келіп жатқан қандастарымыздың байырғы Отанынына тез сіңісіп кетуі үшін жасалған бұл қамқорлыққа жоғары баға берді. Елбасы бұрын «Новаявленка» аталған шағын ауылдың ендігі атауы «Нұрлы жол» болсын деген ұсыныс жасап, елім, жерім деп келген қандастарымыздың қадамына гүл бітсін деген ақжарма тілек білдірген.

Жаңадан бой көтерген «Нұрлы жол» қалашығы содан бергі екі айдың ішінде 170 отбасымен толықты. Ауыл тұрғыны-ның саны қазір 480-дей адамға жетті. Бәрі де жалындаған жастар. Зейнеткерлердің саны небәрі 10 адам. Жастардың бәрінің де алдағы мақсаты - жұмысты болу. Ол армандары да біртіндеп орындалып жатыр.

- Тұрғындарды жұмыспен қамту қала әкімінің басты назарында. Өскемен қаласы жұмыспен қамту мекемесімен бірлесіп, іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Осындағы құрылыс компанияларына да біршама адамды орналастырып үлгірдік. Балалар бақшасы кешікпей ашылмақ. Мектеп құрылысын құрылысшылар тамыз айында пайдалануға беру үшін құлшынуда. Келесі жылы салынуға жоспарланған аурухана құрылысын күтпей-ақ, қазірдің өзінде медициналық пункт аштық. Осы нысандардың барлығы іске қосылғанда тұрғындарымыздың көбі жұмыспен қамтылатынына сенімдіміз, - дейді ауыл әкімі Нұрбақыт.

Иә, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жұмыспен қамту - Елбасының биылғы жолдауының басты бағыты. Сондықтан нұрлыкөштік ағайындардың үміттерінің ақталарына күмән келтірмейміз. Жаңа қоныс жайлы, қандастарымыздың қабағы кірбіңсіз, ұлтымыздың мерейі үстем болсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543