Сенбі, 23 Қараша 2024
2018 0 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 20:32

Шымкент қаласында 107 көпқабатты үй салынады

2018 жылы маусым айында Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған болатын. Елімздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үшінші мегаполис Шымкент Түркістан облысынан бөлініп, жеке қала атанды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы еліміздің оңтүстік өңірінің жаһарындай жарқырап, күлденіп келеді.

Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сонау 2018 жылы Шымкент қаласын мегаполис атануымен құттықтаған сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті. Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы - бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенемін» - деген болатын.

Елбасының сенімі жерде қалған жоқ. Бүгінде Шымкент қаласы ел астанасы Нұр-Сұлтан мен оңтүстік астана Алматыдан қалмай жоғары қарқынмен дамып келеді. Мұнда ерекше айта кетерлігі, қаланың халық саны артып, тұтыну өресі жоғарылаумен қатар, қала көркі де көз сүріндіре көркейіп келеді. Алыс-жақын ауылдардан ағылған ағайын Шымкент қаласының қабырғасын күннен күнге кеңейтіп келеді.

Бәріміз білетіндей, ел үкіметінің басыт назарда ұстайтын басым бағыттарының бірі ел азаматтарын толықтай баспанамен қаматамасыз ету мәселені болып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын мыңдаған тұрғын үйлер салынып, ел халқының баспаналы болу арманы жылдан-жылға жақындап келеді.

Жоғарыда Шымкент қаласы елдегі үшінші мегаполис атанды, қалаға келіп тұрақтап қалушылардың саны барған сайын артып келеді дедік. Қала халқының артуы қалада тұрғын үйлердің көптеп салынуын, пайдалануға көптеп берілуін талап едеді. Егер жеткілікті тұрғын үй салынып, қала тұрғындарын тұрар жаймен қамтамасыз ете алмаса, онда мегаполистің мінсіздігіне кір түсері сөзсіз.

Осыны басты назарда ұстаған ел үкіметі мен қала әкімдігі қалада тұрғын үй салу қарқынын жоғарлатып жатыр. Оның үстіне шағын бір қабатты жатаған үйлер емес, түгелдей билік қабатты зәклім тұрғын үйлер тұрғызуға бет бұрған. Бұндай қадамның бірінші артықшылығы, қала көркіне сән қосады. Төбесі көк тіреген зәулім үйлер қаланың мегаполис деген атын асқақтата түсетіні шындық. Екіншіден көп қабатты үйлерде салыстырмалы түрде көптеген тұрғындар тұруға мүмкіндік алады. Тұрғын үйдің бойы биіктеген сайын, құшағына сыйдыра алатын тұрғындар саны да арта түспек.

Енді сөзіміздің дәлелі ретінде нақты санды мәліметтерді келтірейік.

Шымкент қаласы төтенше жайғдай жөніндегі штабының хабарлауынша, биыл үшінші мегаполисте 107 көпқабатты үй пайдалануға беріледі екен. Шымкент қаласында биыл, 2020 жылы көптеген қаржы көзі есебінен 13 мың 636 пәтерлі 252 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілу үсінде. Жоспар бойынша, бұл тұрғын үйлердің жалпы аумағы бір миллион шаршы метрді құрайтын болады.

Мұның ішінде, жетпіс сегіз тұрғын үй жергілікті бюджеттің, ал қырық сегіз тұрғын үй "Shymkent" ӘКК" акционерлік қоғамы есебінен және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп жатқанын айта кетейік.

Аталған құрлыстарға тікелей жауапты қызметкерлердің мәліметіне сүйенсек, Шымкен қаласындағы құрлыс жұмыстары елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де тоқтатылмайтын көрінеді. Мысалы, биыл қалада мемлекеттік инвестициялар негізінде 126 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұның ішінде 107 көп қабатты тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі. Бұл дегеніңіз қалада быил бір жылдың өзінде 6 мың 213 пәтер пайдалануға беріледі деген сөз. СОнымен қатар тағы нарықтан 696 арендалық пәтер сатып алынатын болады.

Еске сала кетейік, таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз сөзінде құрлыс салушы мердігерлерді мынадай қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз жүрген тұрғындарды құрылыс жұмысына шақыруды ұсынған болатын. Коронавирусқа байланысты тұтас елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қалада жүріліп жатқан құрылыс нысандарында бірқатар арнаулы мамандарға сұраныс артып отыр. Нақтырақ айтқанда, құрлыста жұмыс жасайтын бетоншы, сылақшы, қыш қалаушы және қарапайым дәнекерлеуші мамандары тапшылық танытып отыр. Аталған қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына төрт жүз қырық үш маманға сұраныс берілген көрінеді.

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен арнаулы брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев үшінші мегаполисте көп қабатты тұрғын үйлердің саны жылдағындан артатынын мәлімдеді.

- Қала экономикасының маңызды саласының бірі – құрылыс. Биыл қалаға 250 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, оның ішінде 121 млрд теңгесі құрылысқа тиесілі. Негізгі басымдық - көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы. Қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метр, 13 384 пәтерлі 248 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол негізінен «Шымкент сити» қалашығы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында салынуда. Дегенмен, тұрғын үй құрылысының негізгі даму аймағы – «Тұран» шағынауданы болып белгіленді. Оның жалпы алаңы 197 гектарды құрайды, 12 орамға бөлінген, - деді қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев.

Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиевтың айтуынша, Шымкент қаласының алдын-ала бекітілген жоспар-жобасына сәйкес бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер салынады. Атап айтқанда, «Тұран» ықшамауданында бір миллион үш жүз мың шаршы метр 384 көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл алты мектеп, он балабақша, отыз жеті коммерциялық нысан және ауданы отыз гектарға жететін бір этносаябақты қамтиды.

Биыл аталған ықшамауданда жаңадан 2 мың 768 пәтерлі 42 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып жатыр. Осы бойынша есептегенде, әр жыл сайын орта есеппен сексен бес көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен биылғы жылы қалада 78 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталады деп жоспарланған. Бұл бес мың сегіз пәтерді құрайды (295,2 мың шаршы метр). Осы жоспарға сай, биыл жыл соңында елу тоғыз тұрғын үй немесе 3 мың 732 пәтер пайдалануға тапсырылтын болады (2020,2 мың шаршы метр).

Сонымен бірге «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен «7-20-25» бағдарламасы аясында биыл 2 мың 229 пәтерлі 44 жаңа көп қабатты тұрғын үй салынады деп жоспарланған. Бұдан бөлек жеке салушылар есебінен 6 мың 147 пәтерлі 126 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады. Бұл 594 мың шаршы метрді құрайды. Ал биыл жеке салушылардың есебінен отыз үш тұрғын үй пайдалануға тапсырылады (бұл 1600 пәтер). Осының бәрін қоса есептегенде осы жылы жиыны 612 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527