12 мамырда облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, карантин шаралары біртіндеп алына бастады. Блокпосттар тек Оралда және Бөрілі ауданында (Ақсай қаласы) қалды.
Азық-түлік базарлары сағат 9-дан 16-ке дейін жұмыс істей бастады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-орталықтары да ашылды.
Тұрғындарға жүріп-тұруға рұқсат берілді. Халыққа қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, саябақта, алаңда қыдыруға рұқсат берілді.
Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, карантин 25 мамырға дейін созылған. Кезең кезеңмен карантин шаралары алынды. Карантин облысқа 30 наурызда енгізілген.
Соңғы мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус 255 адамнан анықталды.
Abai.kz