Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3480 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 07:57

Серік Жұмабаев. Қатыгездік қанымызға сіңіп бара жатқан жоқ па?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазір қоғамда не болмай жатыр? Адам өлтіру, тонау, қарақшылық жасау, зорлау секілді қатыгездік әрекеттердің барлығы орын алуда. Тіпті үлкендерді қойып, жастардың арасында да болмашы нәрсе үшін бірін-бірі пышақтап кету, атып кету, асып кету секілді жантүршігерлік оқиғаларды да жиі еститін болдық.

Онымен қоса, педофил деген жауыздық та белең ала бастады. Соңғы екі-үш жылда қасиетті деп жүрген Түр­кістан қаласының өзінде аузынан ана сүті кеппеген үш жас жеткіншек қыз зорланды. Ол-ол ма, бір-екі апта өтпей жатып Алматы облысында бес жасар ұл бала зор­ланды. Қазір бұл іске қатысы бар күдікті ретінде Алматы облысы Райымбек ауданының 23 жастағы жігіті ұсталып отыр. Ең сорақысы, ол өз істегенін мойындап, «ішімдік ішіп алғаннан кейін не істеп, не қойғанымды білмеймін, өзім түсінбей қалдым» деп ақталуда. Бесіктен белі енді шыққан баланы айуандықпен зорлау - бұл қорлық, сүйекке түскен таңба. Ата-баба тарихында болмаған мұн­дай хайуандық әре­кеттер қайдан пайда болды? Қоғам неге осыншама бүлі­ніп отыр? Мұны көпшілік ұлттық тәрбиені босаңсытып, экрандағы жауыздық фильмдерді көптеп көрсетуімізден деп жатады. Еліміздің генетик-ғалымдары мұның алдын ертерек алмасақ, қазақтың ұлттық генетикалық жадын оятпасақ, ертеңгі күні үлкен қауіп туындауы мүмкін екен­дігін айтады.

Қазір әлемнің генетик-ғалымдары адамзаттың гене­ти­калық кодында ауытқушылық пайда болғанын тілге тиек етіп жүр. Әртүрлі полигондардың кесірінен, «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы секілді космодромдардың, ауаға улы газдар бөліп шығаратын зауыттардың сал­дарынан адамзаттың генетикалық құрылымдары өзгеріп, ден­саулығы мен мінез-құлқына әсер етуде.

Осы ретте генетик ғалымдар адамның кейбір қабілеттерінің, мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, ақындыққа, математикаға бейімділігі және т.б. қасиеттері тұқым қуа­лайтындығын анықтаған. Айталық, музы­каға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнан­бай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлей­тіндер көп болған. Олар: Құнанбайдың баласы, қазақтың жаз­ба әдебиетінің негізін салушы - Абай, не­мерелері - Шәкә­рім, Әбдірах­ман, Ма­ға­уия, Ақылбай т.б. «Жоғарыдағы қаты­гездік әрекеттер де ертеңгі күні қанымызға сіңіп, тұқым қуалауы ғажап емес. Біз кішкентай бала көрсек, «тпәй-тпәй, атасына тартыпты, ағасына тартыпты» деп, кейбір мінездерін, түр-сипатын отбасындағы үл­кен­дерге ұқсатып жатамыз. Қазақтың «Бір ұл бар атаға жете туады, бір ұл бар атадан кете туады, бір ұл бар атадан өте туады» деген мақалы да тегіннен-тегін айтылмаған. Сондықтан азғындықтың алдын алмасақ, әкеден екі есе асып түсетін жауыздық, қатыгездік жасайтын ұрпақ пайда болуы әбден мүмкін» дейді генетик ғалымдар. Біз бұлай жүре берсек, ұрпақ ауыса келе, бүкіл адамзат қауымы мутантқа айналып кетпей ме? Мутация адамның жүйке жүйесіне, миға әсер ететіндіктен, келешек ұрпақтың ақыл-ойы тежеліп, күштілер әлсізге әлек көрсетіп, қоғам заңы орман заңына айналмасына кім кепіл?

Бақытжан БЕКМАНОВ, Жалпы генетика және цитология институты директорының орынбасары:

- Негізі, әке-шешенің кейбір қасиет­тері балаға берілетіні рас. Интел­лек­туалдық қабілет ұрпақтан-ұрпаққа тұ­қым қуалайтындығы дәлелденген. Оған күмән жоқ. Мысалы, жастар 50 па­йыз қабілетті ата-анасынан алса, 50 па­йызын қоршаған ортаның әсерінен алады. Егер текті ұрпақтың тұяғын ұлт­тық бағытта тәрбиелеп, отаншылдыққа баули алсақ, ол баладан ешқашан қа­ты­гездік шықпайды. Ең бастысы, тегі­міз­ді, генімізді таза ұстасақ, балаларымызды ұлттық тәрбиемен тәрбиелесек, онда біздің ұтарымыз көп. Бұл - мәсе­ленің жақсы жақтары ғана. Дәл осы секілді қатыгездік, ашуланшақтық, кедір-бұдыр мінез де тұқым қуалайды. Енді жақсы қабілет атадан балаға бе­рілгенде, неге нашар мінез тұқым қуа­ламасқа? Ол да - атадан балаға беріле­тін белгілердің бірі. Оны бөліп-жарудың керегі жоқ. Бірақ бұл жерде қоршаған ортаның да көп әсері барын ұмытпаға­нымыз жөн. Мәселен, ашуланшақтық, күйгелектік баланың генінде болса, алайда сыртқы орта оған жайлы, жақсы болып тұрса, онда ол мінездер ешқашан сыртқа шықпайды. Ал сыртқы ортада күйбең тіршілік, ұрыс-керіс көп болса, онда нашар мінездер де активтеніп, өз ықпалын көрсете бастайды. Нәтиже­сінде адам бойында қатыгездік, жауыз­дық пайда бола бастайды. Бізде, өкі­нішке орай, ауру түрлерінің тұқым қуа­лайтындығын ғана зерттейміз де, ал атадан балаға берілетін мінездердің ішкі факторларына көп жағдайда үңіл­мей жатамыз. Сондықтан ұрпақтан-ұр­паққа берілетін қабілеттерді де жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттейтін уақыт жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының зерттеуі бойынша, өткен ғасырдың 60-жылдарының басында қазақ ұлты «адамзаттың геномы» атанған, яғни ең таза қан қазақтарда болған. Бұл жеті атаға дейін қыз алыспау саясатының үлкен жемісі еді. Кеңес заманында елімізге арақ-шарап ағылды. Осылайша, қазақ ұлты сау басына сақина тілеп алды. Дәрігерлердің айтуынша, біздің қазақтарда алкоголь-дегидрогеназ деген фермент жоқ екен. Еуропа халықтары, Испания, Франция, Германия, Италия, әрі-беріден соң көрші Ресейдің халықтары алкогольды ішімдіктерді ежелден ішіп келеді. Құдды, ұлттық сусындары тәрізді. Сондықтан да олардың қандарында алкоголь-дегидрогеназ деген фермент көп. Әлгі фермент олардың қандарына түскен алкогольдың уытымен күреседі. Ал бізде мұндай фермент болмағандықтан, біздің ішімдіктен табатын ауруымыз да, түрлі қылмыс та осыдан болып шығады. Осылардың себебінен де генетикалық құрылымымыз бұзылған. «Қазақта бұрын-соңды қант диабеті деген болмаған. Қазір көбейді. Негізінен, бұл ауру генетикалық құрылымы бұзылған халықтарда көп болады», - дейді дәрігер-мамандар.

Жалпы, мұны ретке келтіру үшін не істеу керек? Қатыгездікті қанға сіңірмей, адамзат қауымын апаттан аман алып қалу үшін қандай әрекеттер жасаған жөн?

Әбдімәлік ӘБДІРАХМАН, исламтанушы:   

- Ол үшін қазақ рухының генети­калық жады, ұлттық коды мен дүние­танымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын қай­та жаңғыртуымыз керек. Сондай-ақ ата-анамен қатар, педагогтер қауымы да ба­ланың тілегін Құдайдан сұрағаны абзал. Себебі Мұхаммед (с.ғ.с) пай­ғам­барымыздың хадисінде баласының тілеуін тілеген ата-ана дұғаларының қабыл болатындығы айтылған. Педагогтер де Жаратқаннан балалар үшін тілек тілегені дұрыс. Кезінде тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақ­сылыққа тәрбиелеген хазіреті Мұхам­мед (с.ғ.с) пайғамбарымыздан алар үл­гіміз көп. Пайғамбарымыздың өмі­рін, бала тәрбиесіндегі ісін көпшілікке насихаттауымыз қажет. Сонда ғана қо­ғамды қатыгездіктен сақтап қаламыз.

Біздің міндет - ой тастау, ал оның жүзеге асуы құзырлы органдар мен әр адамның өзіне байланысты. Қалай десек те, қаты­гездіктің қанға сіңбей, бүкіл адамзат қауы­мын апатқа ұшыратпай тұрғанда, мұның алдын алатын кез жетті.

Автор: Серік Жұмабаев

http://www.alashainasy.kz/society/28674/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6088