Кабулдың батысында, шиіттер тұратын ауданда, перзентханаға шабуылдаған экстремистер мен үкімет күштері бірнеше сағат бойы атысты. Ауғанстан ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, шабуылдан 14 адам қаза тапты, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар. 15 адам жараланған.
Атыс кезінде үш содырдың көзі жойылды. Шабуылға ұшыраған пезентханада 80 әйел жатқан.
Куәгер Джавад Амиридің айтуынша, содырлардың бірі әскери киіммен жүрген, қалған екеуі медициналық киімде болған. Олар перзетханадағы адамдарды атқан.
Ауған билігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, перзентханаға "Шекарасыз дәрігерлер" гуманитарлық ұйымы көмек көрсетіп келген.
"Талибан" қозғалысының өкілдері бұл шабуылға қатысы жоғын мәлімдеді.
Abai.kz