Жексенбі, 24 Қараша 2024
3043 3 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 19:01

Қонақүйлер мен кафелер қашан ашылады?

Қазақстанда 18 мамырдан бастап кафелер, асханалар мен қонақ үйлер жұмыс істейді.

13 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономиканы қалпына келтіруге және жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап келесі іс-шараларға рұқсат етіледі:

- қонақүй кешендері;

- 30 орынға дейін тамақтану орындары;

- санитарлық талаптарға сәйкес жазғы алаңдары бар ашық ауада жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтандыру орындары.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сонымен қатар, шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543