Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2417 0 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 11:52

ЕҚҚДБ: Қазақстанның жалпы ішкі өнімі үш пайыз төмендейді

Орталық Азиядағы ең ірі саналатын Қазақстан экономикасы биыл төмендейді, деп есептейді Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ).

Болжам жасағанда шикізаттың арзандауы, мұнай өндірісінің қысқаруы, карантиннің сауда, көлік, туризм секторлары дамуын тежеуі ескерілген.

Мұнайға бай Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) үш пайыз төмендейді, 2021 жылы "мұнай бағасы жарым-жартылай қайта көтерілсе, ЖІӨ 5,5 пайыз көтеріледі" делінген ЕҚҚДБ-ның 13 мамырда жариялаған макроэкономикалық есебінде.

Дүниежүзінде шикізет жеткізу әдістерінің түрленуін пайдалана алса, Қазақстан мұнай секторының бәсекелесу әлеуетін көтере алады, деп болжайды банк мамандары. Олардың айтуынша, биыл экспорт көлемі әлдеқайда төмендейді, дегенмен жайсыз факторлардың ықпалын ұлттық валютаның әлсіреуі қатты сездірмеуі керек.

ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия жөніндегі жетекші экономисі Эрик Ливныдың пікірінше, коронавирус пандемиясы жағдайында және сұраныстың азаюы, теңге бағамының түсуіне қарамастан, Қазақстанда инфляцияны тежейді. Өйткені сұраныс мөлшері нарықты қысып, бағаның көтерілуіне бөгет жасайды деп есептейді Ливны. Оның айтуынша, ЕҚҚДБ биыл Қазақстанда қосмағыналы инфляция болмайды деп болжайды.

Abai.kz

0 пікір