Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 4482 6 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 13:33

Қазақшасынан 422 қате табылған заң жобасына қандай түзету жасалды?

Қоғамды қызу талқы болған «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы Мәжілістің мақұлдауынан өтіп, Сенатқа жіберілгенін білесіздер. 30 сәуірде бірінші оқылым болып, онда Жоғарғы палата депутаттары заң жобасын мақұлдаған еді.

Бүгін екінші оқылым өтіпті. Сөйтіп, бірлі-жарым кем-кетіктер айтылып, ақыры заң жобасы Мәжіліске қайтарылыпты. Айтпақшы, аталған заң жобасын азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар сынаған болатын. Енді рет-ретімен жазайық...

Нығматулин жұмысына жаңадан кіріскен Әлімжановқа ескерту жасады

(Н. Нығматулин. Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды)

26 наурыз. Мәжіліс «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Төраға Нұрлан Нығматулин меморгандар, парламентітк емес партиялар, азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп жасаған заң жобасы Президенттің «еститін мемлекет» концепциясына сәйкес келетінін айтқан. Кейін, бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі керек болды.

Мусин: ЭЦП надо "зашивать" в чип каждого удостоверения личности

(Қ.Мусин.Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды)

8 сәуір. Мәжіліс «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда да мақұлдады.

Бұл жолы депутат Қанат Мусин сөйлеген. «Заң жобасы қолданыстағы нормативтік актілерді «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына сәйкес келтіруге бағытталған. Атап айтқанда, депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылыққа қатысты түзетулер енгізді», - деген.

Осыдан соң, заң жобасы Жоғарғы палатаны, Сенаттың қарауына жіберілген.

17 сәуірде заң жобасын әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен.

Данияр Есин назначен вице-министром информации и общественного ...

(Д. Есин. Сурет primeminister.kz сайтынан алынды)

21 сәуірде сенаторлар аталған заң жобасына қатысты бір талқылау өткізіпті. Екі баяндамашының бірі – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, екіншісі – сенатор Нұртөре Жүсіп.

Нұртөре Жүсіп Сенат депутаты болып тағайындалды

(Н.Жүсіп. Сурет kazaknews.kz сайтынан алынды)

Онда екі мәселе қаралған. Бірі – «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының жобасы, екіншісі - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы.

Айтпақшы, осы жолы Сенаттың «Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті» заң жобасына жауапты комитет, ал сенатор депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жауапты болып бекітілген.

Сәрсенбай Еңсегенов: Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады

(С.Еңсегенов. Сурет inform.kz сайтынан алынды)

30 сәуірде Сенат заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Ал бүгін екінші оқылым. Сенат регламенті бойынша бас сөз жауапты сенатор Сәрсенбай Еңсегеновке берілген.

Депутат Еңсегенов өз баяндамасында 6 бапқа байланысты 16 ұсыныс айтқан. Ал депутаттардың барлығы дерлік бұл ұсыныстарды қолдаған.

Депутаттар ұсынған ұсыныстардың бір легі мынау:

Заң жобасында: «Митингке қатысушыларға, бет-жүзін бүркемеу, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін нәрселерді тақпай жүруі талап етіліп, міндеттеледі», деп көрсетілген екен.  Яғни, жоба бойынша митинг кезінде бет-жүзін жасыратын заттарды пайдалануға тыйым салу көзделген. Ал депутаттар бұл талапты алып тастауды ұсынған.

Кейбір адамдардың денсаулығына немесе жеке қауіпсіздігіне байланысты қорғаныш заттарын пайдалануға рұқсат берілуі керектігі айтылған.

Әрі қарай арнайы жиындарды, митингтер мен бейбіт жиналыстарды өткізу орындарына қатысты сұрақ туындаған. Депутатар бейбіт жиын өткізетін орындар орталықта болуы керек және олардың саны үштен кем болмауы керек депті.

Бұған қоса, депутаттар жиын ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заң талаптарын бұзса, олардың бейбіт жиынға қатысуына тыйым салынатыны туралы түзету енгізді. Егер олар заң бұзуды тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады.

Сондай-ақ, мағынасы жағынан ұқсас тармақтар біріктірілген. Ал сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, заң жобасының қазақ тіліндегі мәтінінде қате табылған. Лингвистикалық сарпатама жүргізілген. Сөйтіп, қазақ тіліндегі мәтіннен 422 қате анықталған.

«Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тіліндегі мәтінде қателіктер анықталды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында олар Сенат регламентінің 45-бабына сәйкес түзетілді. Заң жобаларын дайындау кезінде мемлекеттік тілдің тазалығы мен сапасына қатысты сындар азайған жоқ. Осы заңның бастапқы жобасына ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізу барысында 422 қате анықталған. Бұған жай қарауға, көңіл аудармай кетуге болмайды деп ойламаймын», - деді ол.

Айта кетейік, сәуірдің соңында Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жіберілген заң жобасы ел ішінде қызу талқы болған. Халықаралық ұйымдар пандемия кезінде халықтың қоғамдық-саяси өміріне маңызды заң жобасын қарауды кейінге қалдыруды сұрап, хат та жазған. Ал бүгін Сенат аталған заң жобасына азды-кем түзетулер жасап, Мәжіліс қарауына қайтарды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540