Жексенбі, 24 Қараша 2024
4051 1 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 17:03

«Азия Авто» АҚ жұмысы тоқтатылды ма? (Ресми жауап)

Әлгінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Азия авто» АҚ және «Азия авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындарымен арада жасалған келісімдерге қатысты ақпарат тараған болатын. Бүгін құзырлы министрлік аталған ақпаратта шындыққа сәйкес келмейтін деректер айтылғанын мәлімдеді.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындарымен арада жасалған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қатысты жалған ақпарат тарату фактілері тіркелгенін хабарлайды», - делінген ресми мәлімдемеде.

Министрліктің ресми ақпарына сүйенсек, ҚР вице-премьері, ҚР Индустрия  және жаңа технологиялар министрінің «ҚР заңды тұлғалары резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығы бар екен. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім аталған бұйрықты басшылыққа ала отырып түзіледі.

Сондай-ақ, ЕЭК аясында моторлы көлік құралдарын құрастыру туралы арнайы шарт та бар екен (2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешім). Аталған шартты басшылыққа ала отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 10 кәсіпорынмен ұзын-ырғасы 19 келісім жасаған. Олардың барлығы дерлік – моторлы көлік құралдарын құрастыруға қатысты келісімдер болған.

Ол бойынша әрбір кәсіпорынның міндетті жүктемелері болған. Мысалы, көлік құралдарын балқытып біріктіру, бояу, құрастыру бойынша технологияларды игеру және оқшауландыруды ұлғайту туралы міндеттемелер алған.

«Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындары келісім міндеттемелерін орындамады. Ал өзге кәсіпорындар шанақты балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық жабдықтарды іске қосу жөніндегі міндеттемелерін келісімнің жоспар-кестесіне сай орындады», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, «Азия Авто» АҚ 2002 жылы 20 желтоқсанда құрылып, мемлекеттік тіркеуден өткен. Заң талаптарына сай, кәсіпорын қосымша құн салығы және кедендік төлемдерден босатылған. Және мемлекеттік преференциялар алып келді. Ал «Азия Авто Қазақстан» АҚ 2012 жылы 19 желтоқсанда құрылып (пайдалануға берілген жоқ), мемлекеттік тіркеуден өткен.

Әуелгі келісім бойынша, кәсіпорындар 84 ай ішінде шанақты балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық жабдықтарды әзірлеп, пайдалануға беруі тиіс болған. Өнеркәсіптік құрастыруға көшу мерзімі көпжақты келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғарғы мерзімнен асып кетпеуі тиіс. Бұл келісімшартта көрсетілген тармақтағы талап.

Кейін, 2017 жылы «Азия Авто» АҚ өзіне жүктелген міндеттемелерді орындауға дайын болмай шығады. Сөйтіп, 2017 жылдың басында «Азия Авто» АҚ пен «Азия Авто Қазақстан» АҚ Министрлікке моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімге қол қою туралы өтініш білдірді.

Министрлік, 2017 жылдың сәуірінде міндеттемелер мерзімін 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартқан. Көпжақты келісімге қол қойған.

«Келісімнің 2.1.3 тармақтарына сәйкес есепті жылдан кейінгі әр күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін өндіруші тарап уәкілетті органға жоспардың орындалуы туралы - келісім кезеңдерін іске асыру кестесін ұсынуға міндетті.

Осылайша, ағымдағы жылғы сәуірде есепті ұсыну барысында «Азия Авто» АҚ-ның қол қойылған көпжақты келісімге сәйкес 10 жыл бұрын өзіне алған міндеттемелерін кезекті рет орындамағаны расталды», - дейді министрлік.

Келісім бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, 1 ай ішінде кемшілікті жою туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Ал аталған хабарлама ағымдағы жылдың 11 сәуірінде жіберілген.

«1 ай ішінде кемшіліктер түзетіліп немесе жойылмауы – ҚР Азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес, келісімді бұзуға немесе тоқтатуға негіз болады. Жасалған келісім ережелеріне байланысты «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындары бұл жөнінде хабарландырылды», - делінген министрлік хабарламасында.

Ал осыған дейін әлеуметтік желіде «Азия Авто» АҚ компаниясының жұмысы тоқтатылады деген ауандағы ақпарат тараған.

«Бұл, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде айтылғандай кәсіпорын қызметін тоқтату дегенді білдірмейді. «Азия Авто» АҚ компаниясы көлік құралдары өндірісін жалғастыруға, сондай-ақ «Азия Авто Қазақстан» АҚ зауыт құрылысын жалғастыруға толықтай құқылы. Министрлік өз кезегінде көрсетілген міндеттемелер орындалғаннан кейін келісім жасап, жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын», - дейді министрлік.

Қосымша.

«Азия Авто» АҚ келісімдері:

- 2001 жылғы 15 тамызда «ҚР басым бағытты экономика секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары туралы» алғашқы инвестициялық келісімге қол қойылды.

- 2010 жылғы 24 маусымда «Азия Авто» АҚ-мен 2017 жылғы 1 маусымнан бастап шанағын балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық операцияларды ұйымдастыру міндеттемесімен бірге 8703 ТН ВЭД ТС (жеңіл автомобильдер) тауар позициясымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды.  Бірақ аталған міндеттеме орындалған жоқ. 

«Азия Авто Қазақстан» АҚ келісімдері:

- 2012 жылғы 28 желтоқсанда «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап шанағын балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық операцияларды ұйымдастыру міндеттемесімен бірге 8703 ТН ВЭД ТС (жеңіл автомобильдер) тауар позициясымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ аталған міндеттеме де орындалмады. 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560