Депутаттар мен халық алдында аудан әкімінің есеп беруі
2011 жылдың 30 қыркүйегінде төртінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті ХХХІХ сессиясы өтті. «Мәслихаттар алдында әкімдер есебін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бірінші мәселе бойынша Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж. Тоқтаровтың сөзі тыңдалды, ол депутаттар мен тұрғындар алдында ауданда жүргізілген жұмыспен және болашақта қойылған міндеттер жөнінде есеп берді.
«Тіршілікті қамтамасыз ету, бюджет саласындағы объектілердің және тұрғын үйлердің 2011 - 2012 жылдарғы жылу беру мерзіміне дайындығы туралы» мәселесі бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Ә.Шұрманов баяндады, ол қазандықтарды, жылу және су құбырларын, тұрғын үй және әлеуметтік, мәдени саласындағы объектілерді қысқа дайындау бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Білім беру объектілердің отынға деген қажеттілігі 471 тоннаны құрайды, қазіргі уақытта барлық мектептерде 69 тонна көлемінде бір айға жететін отын бар.
Қатты отынға деген ауданның қажеттілігі 43-45 тоннаны құрайды, бүгінгі күні онымен халықтың 85 % қамтамасыз етілген.

МХК негізгі қазандығының отынға деген қажеттілігі 92,0 мың тоннаны, отын қоры 15,0 тоннаны құрайды. Отын кестеге сәйкес жеткізілуде.
Жазғы еңбек пен демалысты ұйымдастыру бойынша ауданның білім беру ұйымдарының жұмысы туралы білім беру бөлімінің бастығы Ш.Ж. Абаева баяндады. Осы мақсатпен ауданда «Жаз - 2011» бағдарламасы, оның негізінде «Жаз - 2011» мектеп бағдарламасы әзірленген. Жазғы сауықтыру және демалумен мектеп жасындағы 4699 бала қамтылған.
«2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 34/2 - ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы А.М.Самойлова баяндады. Бюджетте жолдарды қыс мерзімінде ұстау, Рулиха, Красная Шемонаиха, Верх-Уба ауылдарында су құбырларын салуға арналған ЖСҚ әзірлеуге қаражат көзделген, сондай - ақ бюджет табыс бөлігін және ағымдағы нысаналы трансферттерді көбейту арқылы нақыталанды.
Басқа мәселелер бойынша Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы Ә.О. Баяндинов баяндады.
Депутаттар барлық мәселелер бойынша шешімдерді бірауыздан қабылдады.