Бейсенбі, 10 Қазан 2024
4058 12 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 17:18

Павлодар облысындағы қақтығыс: полицей қызметінен шеттетілді

Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Полиция қызметкерлері, жедел жасақ сарбаздары мен бір топ ер адамның қақтығысы бейнеленген бейне жазба әлеуметтік желіге тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп – жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді өңірлік полиция басқармасы.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады.  Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды тыныштандырып, жағдайды ушықтырмау үшін ауаға оқ атылған.

Полицей қызметінен босатылды

Кейін белгілі болғандай, жергілікті тұрғындармен сөзге келіп қалған полицей қызметінен босатылған. Қазіргі уақытта қызметкердің әрекетінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Ол Криминалдық полиция басқармасында жұмыс істеген.

«Өзіндік қауіпсіздік басқармасының полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу кезінде полиция қызметкері жұмыстан шеттетілді», – дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, полицейлер жергілікті тұрғындармен болған қақтығыста жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері де болғанын растады.

«Камуфляж кигенлер - арнайы бөлімшенің қызметкерлері. Олардың әрекетіне де баға беріледі. Бүгінде бұл жағдайға Павлодар облысының прокуратурасы араласты. Полицейдің әрекетінің заңдылығына қатысты толықтай зерттеу жүргізіліп, баға беріледі», - деді полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Abai.kz

12 пікір