Жексенбі, 24 Қараша 2024
2583 2 пікір 15 Мамыр, 2020 сағат 11:29

Гүлнара Каримованың шетелдегі активтеріндегі 10 млн доллар Өзбекстанға қайтарылды

Өзбекстанның бас прокуратурасы мен әділет министрлігі елдің тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың Франциядағы активтерінен 10 миллион долларды елге қайтарды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақша мемлекет бюджетіне аударылды" делінген министрлік мәліметінде.

Бұған қоса, билік Швейцарияның, АҚШ-тың, Францияның, Ресейдің және басқа да елдердің құзырлы органдарымен бірге жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ташкент Каримованың шетелдегі 1,3 миллиард доллардан астам ақшасын елге қайтарғысы келеді.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, бұл активтерді Каримова немесе оның отбасының мүшелері басқара алмайды, өйткені оларды шетелдің құзырлы органдары бұғаттаған.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2017 жылы қайтыс болған соң, оның үлкен қызы Гүлнара Каримованы Өзбекстанда он жылға түрмеге отырғызды. Оған салық төлеуден жалтарды, бюджет ақшасын талан-таражға салды, бопсалады, офшордағы компаниялардың құжаттарын жойды деген айыптар тағылды.

Сот үкімі шыққан соң Каримова біраз уақыт үйқамақта тұрды, бірақ 2019 жылы наурызда оны Ташкент облысындағы колонияға отырғызды. Содан кейін оған тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Үшінші қылмыстық іс бойынша Каримова 13 жыл және төрт айға бас бостандығынан айрылды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560