Бейсенбі, 10 Қазан 2024
3325 2 пікір 15 Мамыр, 2020 сағат 15:00

Арыстағы жарылысқа қатысты күдіктілер жауапқа тартылды

Арыстағы жарылысқа қатысты күдікке ілінген 16 әскери адам сот алдында жауап бере бастады,- деп хабарлайды КТК. 

Күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған. Жалпы істің 400 томнан асып кеткеніне қарағанда, процесс ұзаққа созылатын түрі бар.

Былтыр 24- маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болған. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. Арасында балалар да бар. Ол кезде де Арыс қаласының бүкіл тұрғындары көшірілген. Күллі әлемге танылған төтенше жағдайдан соң президент Тоқаев сол кездегі қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қызметінен шеттетіп, лауазымды талай шенді қатаң ескерту алған.

Abai.kz

2 пікір