Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 9647 16 пікір 16 Мамыр, 2020 сағат 16:37

Кангью патшалығы – Қаңлылар құрған мемлекет

Ежелгі грек тарихшылары кангью тайпасы сақ-скиф халқынан екенін жазады(1). Қытай жазбалары б.д.д. ІІ ғасырда кангью тайпасы таулы аймақта отырғанын, оларға көрші алан (ұлан-лань) тайпасы отырғанын баяндайды. Алан тайпасы – хунь халқынан, ал Хунь империясы аймағы негізінен қазіргі Моңғолия жерінде болды. Ресей тарихшылары кангьюлер отырған аймақ деп Ферғана ойпатының солтүстік-батысындағы таулы алқапты көрсетеді. Дұрысында, кангью тайпасы б.д.д. ІІ ғасырда қазіргі Жоңғар Алатауы деп аталып жүрген таулы аймақта отырғаны қытай деректерінен байқалады.

Өйткені, Лев Гумилев қытай деректерінің көмегімен б.д.д. I ғасырдағы Кангью патшалығы мен Үйсүн мемлекетінің шекарасы Шу өзені екенін, Кангью патшалығы осы өзеннің солтүстігіне қарай жатқанын және Кангью билеушілері Хунь империясы билеушілеріне тәуелді болғанын дәлелдейді(2). Сақ халқының өзге тайпалары ел шетіндегі таулы аймақта отырған тайпаны, яғни, қаңғып елден жырақтап, даланы тастап кеткен тайпаны «қаңғы-үй» деп атаған тәрізді. Бұл атау ежелгі грек жазбасында – «кангхи», қытай жазбаларында «кангью» болып сәл бұрмаланып таңбаланған.

Аталған таулы аймақта б.д.д. ІІ ғасырда алан (ұлан-лянь) тайпасымен көрші отырған кангью-қаңғыүй тайпасы Хунь империясы ықпалына түскені анық. Өйткені, б.д.д. І ғасырда осы таудың батысында жатқан сақ даласында (қазіргі қазақ даласында) Кангью патшалығы пайда болады, оның Хунь империясына вассалды тәуелділікте болғанын Лев Гумилев нақты деректермен көрсетеді (2). Демек, б.д.д. ІІ ғасырда «елдің шетіндегі тауда» отырған қаңғыүй-кангью тайпасы б.д.д. І ғасырында Хунь империясы көмегімен сақ елінің билігін өз қолына алған.

Қытай жазбасы Кангью патшалығы жеріне «аш далада» кіретінін және олардың көрші Үйсүн мемлекетімен жау екенін жазған. Қытайдың «аш дала» деп отырғаны Бетпақдала екені түсінікті. Ал Ресей идеологиясы тарихты бұрмалау ниетімен «аш даланы» Мырзашөл деп көрсетті. Дұрысында, ол – Бетпақдала. Осы деректер Кангью патшалығы аймағы Бетпақдаладан басталып, солтүстікке қарай созылып жатқанын, Үйсүн империясымен шекара сол заманда Арал теңізіне құйған Шу өзені мен Балқаш көлі бойы екенін байқатады. Қаңлы тайпасының әлі күнге дейін екі жақта – Жетісу аймағы мен Арал (Сырдария) аймағында отыруы да сол замандардан қалыптасқан деген орынды.

Үйсүн патшалығы б.д.д. І ғасырдан бастап Қытай империясы ықпалында болды, яғни, Кангью мен Үйсүн мемлекеттерінің жаулығы Хұң (хунь) империясы мен Қытай империясы жаулығымен тығыз байланысты. Хұң империясында бүлік шығарған ханзаданың Кангью патшалығына барып бой тасалағанын дәлелдейтін құжаттар бар. Хұң империясының ыдырауы билікке таласқан ханзадалар бүлігінен басталды, қаңғыүй тайпасының бүлікші ханзаданы қолдағанын шыңүй әулеті кешірмеген тәрізді. Өйткені, Хұң империясы ыдырап, халқы І ғасырда біздің далаға келгеннен кейін Кангью патшалығы тарих сахнасынан көрінбей кетті.

Тарихи деректерде құң-хунь халқының алдыңғы легі Құман (Кубань) өзеніне және бір тобы Закавказьеге жеткені көрсетіледі. Әрине, Ресей империясы ғалымдары тарихты бұрмалап, «Құңдар қазіргі қазақ даласына еш тоқтамастан, Еділ мен Жайық өзендерінен ары батысқа асып кеткен» деп тұжырымдады. Онысы еш ақылға сыймаса да, «билеушілердің» дегеніне бағынғанымызды жасыра алмаймыз. Құң халқының кейбір рулары Еділ өзенінен ары асып кетсе де, негізгі бөлігі біздің далада тұрақтап қалғаны, осындағы сақ халқына келіп қосылғаны түсінікті. Осылайша I ғасырда тілдері туыс көшпелі екі ұлы халық қазіргі қазақ топырағында қосылып, араласып, біртұтас ұлтқа айналу процесін бастан кешірді.

Билік құңдар да болғандықтан, Тарбағатайдан Еділге дейін созылған қазіргі қазақ даласын Үйсүн елі «Құңзақ» деп атап кеткен. Құңзақ атауында қазіргі қазақы "жақ" сөзі орнына "зақ" қолданылған. Мағынасы – құң жері. Кейін ол даланың халқы да құңзақ деп аталды. Біздің далада қосылған құңдар мен сақтар бірнеше ғасырлар бедерінде құңзақ деген біртұтас халық болып қалыптасты. Бұл біздің дәуірдің І ғасыры мен V ғасыры арасында орын алған. Ал V ғасыр мен VІІ ғасыр аралығында құңзақ атауы қазақ болып өзгеріске ұшыраған. Яғни «құңзақ» атауындағы «ұң» бөлігі қолданыстан шығып, қысқарып, әуелі «Қзақ», сосын ол біржола қазақ болып орныққан.

Ал біздің дәуірдің І ғасырында биліктен айырылған қаңғыүй тайпасының негізгі бөлігі кешегі жауы Үйсүн империясымен тіл табысып, сонда ығысқаны байқалады (қазір қаңғлы-қаңлы тайпасының үлкен бір бөлігі Жетісу аймағында, ал екінші үлкен тобы Аралск-Сырдарья аумағында отыр (4)). Демек, қаңғлы-қаңлы тайпасы әуелі Үйсүн империясына қосылған, кейін V-VI ғасырлардағы Түркі қағанаты заманында үйсүн елінің көшпелі бөлігімен бірге қазақ халқының құрамына енген деу орынды. Дегенмен, Кангью патшалығын билеген қаңғлы-қаңлы руының Сібірге жақын отырғандары кейінгі башқыр ұлтын қалыптастыруға қатысқаны байқалады. Башқыр ұлтында олар «хан-қаңлы» деп аталады, жергілікті ру-тайпалар оларды Кангью патшалығын билеушілер ретінде «хан-қаңлы» деп атап кеткен деп тұжырымдауға болады. Бұл дерек б.д.д. I ғасырдағы Кангью патшалығы құрамында Сібір аймағыда болғанын айғақтайды. Кангью патшалығының батысында отырған қаңғлы-қаңлы адамдары Еділден ары асқан хунь-хұң руларымен бірге Кавказға барып, кейін ноғай ұлтын қалыптастыруға қатысқан деген жөн.

Ал олардың үйсүн еліне қосылғандары «қаңғлар» (кангары) атауымен VІ ғасырда тарих сахнасынан қайта көрінеді. Олар сол замандағы Түркі қағанатының әскери күшінің бірі болған деу орынды. Өйткені, сол Түркі Ашина династиясының бір тармағы болатын Х-XI ғасырлардағы Түркі Селджук (асылжік) династиясының әскери күшінің бірі қаңлы тайпасы болғаны тарихшыларға белгілі.

Сырдария аумағынан барып, ХІ ғасырдың басында қазіргі Түркіменстан аймағында болған үз (оғыз) елін бағындырып, онда Ислам дінін орнықтырған Түркі Асылжіктердің (Тюрки Селджук) негізгі күші қаңлы тайпасы болды. Осы деректер ежелгі Кангью патшалығын билеген топ та және VІ-ХІ ғасырлардағы қаңлы тайпасы басшылары да Асылұя династиясынан екенін айғақтайды. Жетісу қаңлыларындағы ақ қаңлы руы ежелгі Кангью патшалығын билеген Асылұя тобынан қалыптасқан. Ал Сырдария қаңлыларындағы түрке руы VІ-ХІ ғасырлардағы Төргі Асылжік (Тюрки Селджук) тайпасынан ірге қалаған дегеніміз дұрыс.

Осы Түркі қағанаты заманында Қазақ ұлты өз атауымен қалыптасып қойған болатын. Оның дәлелі ретінде бірнеше жайтты келтіре кетейік:

  1. Сол 626 жылы Закавказьені жаулап, Тбилиси қаласын басып алған Түркі қағанаты әскері «қазақ» деп аталған халық болатын. Олар сол аймаққа орнықты, VIII ғасырда онда Қазақ қаласы бар екенін араб жазбасы баяндайды және араб тарихшысы Ибн әл Асирдің жазбаларында сол ғасырдан бастап XIII ғасырдағы Шыңғысхан заманындағы оқиғаларда Закавказьедегі қазақтар жайлы көп деректер кездеседі (5). Тіпті, Шыңғысхан әскері мен Закавказе қазақтары бір халық екені нақты дерекпен көрсетіледі (6). Осы фактілер Шыңғысхан әскерінің ешқандай да маңғол емесін, Закавказе қазақтарының орыстар айтатындай кабардиндер еместігін айғақтайды. X ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди ол қазақтардың қай жерде отырғанын (7) және өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп кетеді (соңғы рет ол қазақтар жайлы Анна Антоновскаяның «Великий Моуровий» деген еңбегінде XVI ғасырдағы грузин-қазақ соғыстары барысында баяндалады (8)).
  2. Сол VII ғасырда Түркі қағанаты әскері болып қазіргі Индия-Пакистан аумағына орныққандар араб-парсы деректерінде «халаж» атауымен кездеседі және бұл атау рулық емес халықтық атау екеніне тарихшылар бір ауыздан келіседі (9). Ибн әл Асир жазбасында сол халаж елі XIII ғасырдағы Шыңғысхан жорығына байланысты оқиғаларда «тюрк» деп аталады және осы Ибн әл Асир біздің даланың халқында «тюрк» деп көрсетеді. Ал XIV ғасырда ол елді өз көзімен көрген араб саяхатшысы Ибн Батута да оларды «тюрк» деп жазады және осы Ибн Батута біздегі Алтын Орда халқын да «тюрк» деп көрсететіні белгілі.

Әрине, Ибн әл Асир мен Ибн Батута жазбаларының арабша түпнұсқасында ол елдің атауы анық қалай екенін білмейміз. Бізге аяны – ол жазбалардың орысша аудармасындағы «халаж» және «тюрк» атаулары. Мен «тюрк» пен «казак» атаулары араб әріптерімен ұқсас жазылатынын айтқанмын (قزك - қазак, ترك - тюрк). Сонымен қатар «халаж» және «хазақ» атаулары да арабшада өте ұқсас (خذحхазах, خاجхалаж). Бұл жайттар бекер емес. Дұрысында, «халаж» және «тюрк» деген атаулар араб жазбаларының түпнұсқаларында «қазақ» болғаны байқалады. Оларды қазақ елінен бейхабар өзге ел тарихшылары қателесіп, «халаж» деп көрсеткен немесе Ресей тоталитарлық саясаты әдейі бұрмалап, «халаж», «тюрк» деп қалыптастырған.

  1. Сонымен қатар, араб-парсы жазбалары дерегіне сүйенген ХІХ ғасырдағы Ресей тарихшысы Алексей Левшин «Киргиз-кайсак ордасы жайлы» деген атақты еңбегінде қазақ халқы кей шығыс ғалымдарының айтуынша, Христос туғанға дейін, яғни біздің дәуірге дейін халық болып қойғанын айтады. Алайда, ол бұған күмәнмен қарайтынын, бірақ қазақ деген халық та, «Қазақ хандығы» атауы да тарихта алғаш рет Х ғасырдағы парсы Фердаусидің «Рустам» деген белгілі дастанында жазылғанын атап өтеді (10). Оның үстіне, Ирандағы парсы жазбаларын зерттеген осы заманғы қазақ тарихшысы бір жазбасында Х ғасырда қаңлы, дула тайпалары қазақ халқынан екені көрсетілгенін жазады (бұл әйел тарихшы қазір бар, аты-жөні есімде жоқ. Шамасы, оның тапқанын біреулер жөргегінде тұншықтыруы да мүмкін).
  2. Қытай жазбалары сол VII ғасырда Қашхардан ары жатқан елді, яғни біздің елді «хаса» деп келтіреді. Қытайлар осы заманға дейін қазақ халқын «хаса» деп атайтыны мәлім. Әрине, Ресей өз әдетінше қазақтың сол заманда бар екенін жасыру үшін осы «хаса» атауын «хазар» деп түсіндіріп келді. Алайда, жоғарыдағы деректер және қытайдың бізді осы күнге дейін «хаса» деп атауы сол VII ғасырдағы елдің «қазақ» деген халық екенін паш етеді.
  3. Қаңлы тайпасы Тюрки Селджук-Түркі Асылжік династиясының әскері болғанын айттық. Осы билеуші династияның негізін салған – Мәлік Селджук әл-Ғази деген билеуші, оның әкесінің лауазымы – сю-баши, әкесі өлген соң Мәлік Селджук әл-Ғази сю-баши болған. Осындағы Сю-баши дұрысында – «Асүй-басы» деген қазақы атау (Асылүй басшысы немесе Ас династиясының басшысы деген мағынада). Оны да «сю-баши» еткен араб әріпті жазбалар ықпалы.

Осы жерде «әл-Ғази» атауына көңіл бөлейік. Арабтық «әл» сөзі адамның қай өлкеден немесе қай елден екенін көрсетеді. Мысалы, әл-Тарази, әл-Хорезми, әл-Араби деген тарихи есімдер. Әскері қаңлы тайпасы болған Мәлік Селджук әл-Ғази қазақ даласынан (Сырдария маңынан) шығып, Үз (оғыз) елін (қазіргі Түркіменстан аймағын) бағындырды. Яғни, оны үз-оғыз елі қазақ елінің адамы деп таныған және Х ғасырда қазақ өз атауымен анық бар екенін жоғарыда көрсеттік. Олай болса, Мәлік Селджук әл-Ғази көсемнің дұрыс толық есімі – Мәлік Селджук әл-Ғазақ. Арабша жазылуында «ғази» мен «ғазақ» сөздері өте ұқсас екені анық факт (غزقғазақ, غزى - ғази). Осы ұқсастықты пайдаланған Ресейдің терісшіл саясаты ықпалымен Мәлік Селджук әл-ғазақ «Мәлік Селджук әл-Ғази» болып, атақты қолбасшы Ертұғырел әл-ғазақ «Ертұғырыл әл-ғази» болып, оның ұлы, Осман империясының негізін салған Ғазақ Осман «Ғази Осман» болып, XII ғасырда Дағыстанда пайда болған мұсылман дінді Ғазақ-Құмық хандығы «Ғази-Құмық хандығы» болып әлемдік тарихқа еніп кеткен.

Түркі Асылжік (Селджук) династиясы XI ғасырдың соңында биліктен шеттетіліп, оның орнын Хорезмшах династиясы басқаны мәлім. Сол себептен Түркі Асылжік (Селджук) династиясы өздеріне бағынышты елді ертіп, қазіргі Түркия аймағына қоныс аударды. Сол заманнан аталған аймақта «Қаңлы Базары» деген үлкен сауда алаңы тарих сахынасына шықты. Бұл атау Түркі Асылжік династиясымен XI ғасырда сонда барып орныққан қазақтың қаңлы тайпасымен тікелей байланысты екені даусыз.

Закавказьедегі қазақ елінің Ас-тұғыр династиясы билеген бөлігін  Шыңғысхан әскері қуып, қаңғытып жібергенін Ибн әл Асир жазбасы баяндайды. Сұлтан Сүлеймен бастаған сол қазақ елі («қай елі» делініп кеткен) қазіргі Түркия жеріне, Түркі Асылжіктер (Селджук) мемлекеті мен Алепо княздігі аралығындағы жерге орналасады (қазіргі Касак провинциясы). Сол жерде олар мен Түркі Асылжік (Селджук) династиясы арасында құдалық байланыс орнайды, Сүлейменнің баласы Ертұғырел селджук руының қызына үйленеді. Түркі Асылжік (Селджук) династиясы қарапайым ру-тайпалармен құдалық байланыс жасамаған. Демек, Ертұғырел әл-ғазақ әулеті де аты айтып тұрғандай ежелгі Асылұя династиясының ас-тұғыр деген руынан болған деу орынды (осетиндер құрамындағы дигор ұлтының алан елін билеген аш-тигор (ас-тұғыр) руынан екенін және сол Закавказьеде ирон-осетин елі мен қазақ елі көрші отырғанын алдыңғы мақалалардың бірінде айтқанбыз). Сол Ертұғырелдің баласы Қазақ Осман артынан атақты Осман империясын орнатқаны да анық дерек (түрік халқының біздің елді «ата-жұртым» деп тануы осындай тарихтың олардың жадында еміс-еміс болсада сақталуынан деу орынды).

Ертұғырыл елін Ресей ғалымдарының ықпалымен «қай» деп тану қалыптасып кетті. Өйткені, Түркия ғалымдарының ежелгі атажұртына келіп зерттеу жүргізуге мүмкіндіктері болмады. Олар тек сол атажұртын билеп отырған Ресей империясы ғалымдарының тұжырымдарына сүйенді. Оғыз елі мен қазіргі түркімен елі құрамындағы ру-тайпалар жалпы өзара бірдей, тек оғыз елі құрамындағы қынық пен қай тайпалары түркімендер құрамында мүлде жоқ (11, 12). Тарихи деректерге сүйенген ғалымдар селджук тобы қынық тайпасынан деп тұжырымдаған. Ал қынық пен қазақ сөздерінің арабша жазылуында ұқсастық көп (قنقқынықقذقқазақ). «Қай» мен «қазақ» сөздері де тап солай, арабша жазылуында өзара ұқсас (قاىқай, قذق - қазақ). Осы фактілер мен екі елдің атауы оғыз халқының тікелей ұрпағы түркімендер құрамында болмауы бекер еместігін аңартады. Анығында, «қынық» пен «қай» деп бұрмаланған елдің өз атауы қазақ екені даусыз. Оған Мәлік Селжук пен Ертұғырылдың және оның ұлы Османның есімдеріндегі «әл-ғази», «ғази» сөздері де куә (жоғарыда осы сөздердің дұрысы «ғазақ» болуы әбден мүмкін екенін айтып өттік).

Сонымен қатар Ертұғырыл елі әуелде орналасқан жері – Алепо қаласынан аса алыс болмаған. Қазір де сол Сирияның Түркиямен шекаралас аймағында Касак деген провинция бар. Бұл дерек те Ертұғырыл елі дұрысында өз атауымен «қазақ» деп аталғанын байқатады.

Қазақстандық орыс ғалымы Подушкин Күлтөбе қалашығын Кангью еліне тиесілі деп жарнамалап жатқаны белгілі. Анығында, Күлтөбе қалашығының кангью-қаңлы тайпасына еш қатысы жоқ. Ол қалашық – тәжік-парсылардың тау етегіндегі мекені. Қалашықтан табылған кірпіштегі жазбаларда «кангью» атауына және кангью тайпасына қатысты еш дерек жоқтығына қарамастан, Қазақстан археологы Подушкин ол шаһарды кангьюлердікі деп сендіруге тырысады. Кангью тайпасы сак-скиф халқына жататынын ежелгі грек жазбалары дәлелдейді. Ал Ресей ғалымдары болса, сақ-скифтер – парсы тілділер деп бұрмалап келген. Подушкиннің пиғылы – Күлтөбеден табылған парсылық жазбаларды «кангью тайпасына тиесілі» деп, орыс идеологтарының сол жалған тұжырымын санамызға сіңіре түсу.

Анығында қазақтың қаңлы тайпасы ежелгі сақ елінің беделді бөлігі болған, сол елде Кангью патшалығын орнатқан және Түркі Асылжік династиясының негізгі әскери күші ретінде Үз-оғыз елінде, сосын қазіргі Түркия аймағында өз атауын қалдырған даңқты тайпаның тікелей өзі болып табылады.

ҚОСЫМШАЛАР:

  1. «Некоторые названия сакских родов всё же сохранились в истории: массагеты, даи (дахи, даки, даги), апасиаки, парны, кангхи и др. (Из истории Сак-Скифов)
  2. «Царство Кангюй, расположенное в степях между Аралским морем и Балхашом, было и осталось союзником Хунну. От Средней Азии, или Турана, его отделяли бесплодная степь Бетпакдала и пески Муюнкума. На востоке он примыкал к Тарбагатаю, на западе граничил с государством Яньцай. «Истории старшей династии Хань» сообщает, что Кангюй имел пять вассальных владений. На карте они помечены на северном берегу Чу. Расстояние между ними приводится. Это как раз протяжение Чу от Чу-илийского хребта до Сыр-Дарьи, около Кзыл-Орды. (В «истории старшей династии Хань» сказано, что западный сосед Кангюя – Яньцай – от него независим, а в «истории младшей династии Хань» говорится, что от Кангюя зависимы и Яньцай и его северный сосед – Янь. Подчинение Кангюем этих соседей произошло уже в I-II веках н.э. Волгу кангюйцы не переступили.). Отношение Кангюя с Китаем были всегда враждебными. Кангюй сильно враждовало с Усунью. Подчинение же Усуни Китаю вызвало военное вмешательство Кангюя, причем разделенная и деоорганизованная Усунь не могла защитится. Однако и кангюйцы не были в состоянии полностью разгромить Усунь без посторонней помощи, поэтому они искренне желали успеха хуннам. Усуни же, признав протекторат Китая, польнастью порвали с хуннами». (Лев Гумилев. История народа хунну).
  3. «Опасаясь Хуханье и китайцев, Чжичжи принял предложение кангюйского владетеля присоединиться к нему для совместного похода на Усунь. Кангюйский царь радушно принял Чжичжи, дав ему в жены свою дочь, а сам женился на дочери Чжичжи. Непонятно, почему 3 тысячи хуннов могли иметь такое значение для страны, которая могла выставить 120 тысяч всадников. По неизвестным причинам кангюйский царь чем-то оскорбил Чжичжи, а тот убил свою жену – кангюйскую царевну и несколько сот знатных кангюйцев, причем тела последних были изрубленны на мелкие куски и брошены в рек. Казалось бы, после этого кангюйцы должны были стереть в порошок маленький хуннский отряд, но этого не случилось. Наоборот, когда вскоре прибыло китайское посольство, его приняли враждевно и даже оскорбительно». (Лев Гумилев. История народа хунну).
  4. «Сырдария қаңлылары – Сары қаңлы (олар бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар алты ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқылы) мен Қара қаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Жетісуда қоныстанған қаңлының кейбір рулық тобы Ақ қаңлы және Қызыл қаңлы деп те бөлінеді. Соңғылары Сары қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есептеледі». (Қаңлы руы).
  5. «В этом, 722 году одна мусульманская армия, во главе которой стоял Сабит ан-Нахарани вступила в страну хазар со стороны Арминии. Собравшись в очень большом количестве, хазары, которым на помощь пришли кипчаки и другие тюркские племена, встретили мусульман в месте, известном под названием «Луг камней….» (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
  6. «Аландар патшалығынан кейін Кабх тауы мен Рум теңізінің (Византия) аралығында тіршілік ететін кашак деген халық бар. Оларға іргелес өзге үлкен тайпа отыр және олармен кашактар арасын өзен бөліп тұр. Бұл өзен көлемі жағынан Евфратқа ұқсас және жағасында Трапезонд тұрған Нитасқа құяды. Олар Ир.м деп аталады және ерекше адамдардан құралған (ирон-осетиндер). Олар – пұтқа табынушылар». (Ширван және әл Баб тарихы. Әл Масуди)
  7. «Они (татары Чингисхана) двинулись и пошли в страну курджов. К ним присоединился тюркский мемлюк по имени Акуш, который собрал в большом числе жителей тех гор и пустыни; он вступил в переписку с татарами, пригласив их присоединиться к нему, и те ответили ему согласием и склонились к нему из-за общего их происхождения (родства)... «Тогда татары послали сказать кипчакам: “Мы с вами одного рода (происхождения), а эти аланы вам не родня, чтобы вы им помогали.... Татары же остались в стране кипчаков, богатой большими постбищами зимой и летом. В ней есть холодные летом и теплые зимой места, богатые пастбищами. Это — страна лесов на берегу моря… Они (татары) дошли до города Судака, города кипчаков, где их главные силы; он находится на берегу Хазарского моря и к нему пристают корабли. Это Хазарское море соединяется с заливом Константинополя...». (Ибн әл Асир – «Полный сборник летописей»).
  8. «Казахи подумают – помощь Кахети оказали..., тваладцы держали в страхе врагов царя, особенно казахов,...  От послов же Георгий X потребовал запись на оставление в Картли 150 стрельцов и досылки остальных по уговору для войны против казахов и других агарян…, Кахети еще не оправилась от набегов казахов, ... в Средней Картли "гостили" казахи, и многие деревни остались не только без хлеба, но и без жилищ... Первым увидел казахов зоркий глаз Датуна, еще восемь деревень разрушили казахи за ханского сына... Опустошительный набег казахов и запоздалая помощь горийских дружин не способствовали веселому настроению.... В замке долго высмеивали сумасшедшего азнаура, идущего войной с горстью дружинников на казахские эйлаги... Срывая пестрые полотнища шатров, картлийцы набрасывались на спящих. Казахов, пытавшихся прорваться из эйлага, приканчивали на месте тайные засады тваладцев. Саакадзе распорядился снять с ароб казашек и предоставил дружинникам выбрать себе девушек, детей отделил для продажи в Имерети. Под смех и жестокие шутки казашки с дикими воплями прижимали к себе плачущих детей. Старая Кетеван голову казаха на память выпросила, около буйволятника прибила... Впереди зурначей на длинном шесте колыхалась разукрашенная петушиными перьями голова Мамбет-хана, окруженная свитой из двухсот казахских голов на черных шестах. Зугза, пленница в Метехском замке, была по-прежнему непокорной казашкой. ... Дай коня и одежду джигита! - страстно выкрикнула Зугза. - Вернусь к брату в эйлаг, снова ханшей буду! Луарсаб войной пойдет на казахов. Мысль о том, чтобы дать возможность царю успокоиться в битве с казахами, ... готовиться к войне с казахским ханом..., немедленно напасть на Казахию и убить Омар-хана. Через несколько дней грузинские войска подошли к Казахии. ... Луарсаб удивился, заметив спешные военные приготовления хана Казахии. Казахи ордой бросились на стройные ряды грузинского войска. Луарсаб стремительно рвался в глубь Казахии... Волнения в царстве не утихают: то обнаглевшие казахи устраивают набеги. Все же другого выхода нет, придется идти войной на богатую Казахию.... На левом краю иранцев хан Казахии, храбрый Шабанда, уже развернул легкую степную конницу'.... С диким гиканьем вынеслись казахи за своим ханом на край долины.... Гиви сунул священнику несколько марчили, попросив привезти казахскую плетку...» (Анна Антоновская – «Великий Моуровий).  
  9. «Халаждар ешқашан өз алдына саяси бірлік ретінде айтылмаған, қашан да бөтен билеушілердің жалдамалы әскері немесе гвардиясы ретінде аталады. Алғаш рет жазба дереккөздерінде б.з.д. VІ ғасырда айтылған. Ғалым өз еңбегінде Х ғасырда араб саяхатшысы Истахридің еңбегінен келесі үзіндіні келтіреді: "Хильжи (Халаж деп те оқиды) ерте кезде Гурдың артындағы Инд пен Седжестан арасындағы елге басып кірген түркі тайпасы; бұлар малшылар, сырт пішіні, әдет-ғұрыптары мен киімдері (бір нұсқасы "тіл") түркіше". Оның шығармасын басқа араб авторы Ибн-Хаукал пайдаланған тәрізді. Өйткені, ол да солай жазған: "Хильжи – ерте кезде Инд пен Седжестан арасындағы елге басып кірген түркі тайпасы; олардың сырт пішіні түрктерге келеді, түркілік киімдері мен әдет-ғұрыптарын қолданады және бәрі түркі тілінде сөйлейді». (Халадж).
  10. «Большая часть Русских писателей полагает, что первые Казаки произошли или составилис у Татар, что у них же родилось название Казакь, и от них перешло ко всемь отраслям прежде бывших и ныне существующих казаковь. Мысл сию, к которой мы уже привыкли, опровергают Восточные Историки, утверждая, что Казаки составляли самостоятельный и независимый народ в отделеннейщих веках нашего леточисления. Некоторые даже относять их существования далее Рождество Христова. Достоверно то, что Фирдевси, или Фердуси, живщии около 1020 года, то есть: за два столетия до появления Монголо-Татар на запад, в Истории Рустема, упоминает о народе Казаках и Ханах Казакских. Из сочинении его и древнейщих летописей Персидских, которым он пользовался, известно, что Казаки древние, подобно поздейщим, прославили имя свое грабежами и набегами, что главное оружие их были копья». (А.И.Левшин. ОБ ИМЕНИ КИРГИЗ-КАЙСАКОВ).
  11. «Кай, Баят, Алка-эвли, Кара-эвли, Языр, Догер, Додурга, Япарлы, Афшар, Кызык, Бегдили, Каркын, Баяндыр, Печене, Чавулдур, Чепни, Салур, Эймур, Алаюнтлу, Юрегир, Игдир, Бюгдюз, Ивэ, Кынык (основатели Сельджукской империи)». (Огузы).
  12. «Алиэли, арабачи, ата, баяты, гоклены, ермели, йомуды, карадашлы (языры), кыркыны, махтумы, мукры, мурчали, нохурли (нухур), нуратинские туркмены, огурджали, оламы, сакары, салоры (салыры), сарыки, саяты, текинцы (теке), хазари, хатаб, ходжа, човдуры (чаудор), шейхи, эмрели, эрсари, эски». (Туркмены).

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

 

 

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522