Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 6189 1 пікір 18 Мамыр, 2020 сағат 10:13

Көк мәйкі киген «қолбасшы»

Әлгінде республикалық ақпарат құралдарында, әлем жұртшылығы қарайтын ғаламтор бетінде еліміздің Павлодар облысында жергілікті тұрғындар мен полициясы бар, қару-жарақ асынған әскери киімдегілері бар ала-құла топтың арасында орын алған жанжал туралы ақпарат пен көрініс кеңінен таратылып, оған қатысты тиісті құзыретті мемлекеттік органдар тексеру жүргізе бастағаны белгілі болуда.

Жалпы, соңғы кездері қазақстандық қоғамда мұндай қызметік тексерулердің жиілегені сонша, біздің отандық телевидениені баяғыдан бері басып алған кәріс пен түріктің, толып жатқан тағы басқасының көп сериялы телехикаялары көрерменсіз әдірем қалулары әбден ықтимал. Өйткені кешегі, қолдарында қару тұрмақ таяғы да жоқ оншақты қарапайым тұрғындарға құдды Дубосекова разъезіне шабуыл жасаған фашистік құрамаларға қарсы совет әскеріне команда беретін политрук Клочков тәрізді автоматтардан оқ жаудыруға дайындалуға орыс тілінде «готовься к бою» деп бұйрық беріп жүрген бұтындағы трикосымен көк мәйкі киген «қолбасшы», ол аздай жаппай карантин кезінде моншалатып жүрген жартылай жалаңаш немесе бірін-бірі тиын тебенге бола тағдырын құтқармақ әрекетіндегі, әйтпесе әнұран айтып бара жатқан, болмаса шылым шегіп, сыра ішіп емес, денешынықтыру жаттығуын жасап жүрген жап-жас қыз балаларды сүйрей жөнелетін полиция өкілдері (әйел адамды әуретті жерлерінен бөтен еркектердің ұстауы да бөлек тақырып) басты кейіпкерлеріне айналған жаңа бір «телехикаялардың» танымалдылығы күн сайын артып барады.

Десек те, дәл қазіргідей күрделі кезеңдегі ауыр сынақтан онсыз да жүйкесі жұқарып отырған қалың жұртқа мынадай көңілсіз, дөрекі де тұрпайы, жабайы көріністер емес, билік орындарының дәрігерлер мен тәртіп сақшыларына дейінгі халыққа қызмет көрсетуші мекеме өкілдерінің аз да болса жылы сөзі, қолдап қорғау нышандары ауадай қажет болып тұрғаны әркімге аян. Бұл турасында мемлекет басшылығы тарапынан да «пандемия кезінде бүкіл қоғамымыздың сынға түсіп, көптеген азаматтар қиын сәтте елге еңбек етудің озық үлгісін та­ныт­қаны, парасатты патриотизм үлгісін көрсеткені мәлімделіп, ең алдымен, қоғамның береке-бірлігі бекем болуы керектігі, сол үшін де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаны» жарияланғанын айтар едік.

Өкінішке орай, кез-келген мемлекеттің ең маңызды салаларының бірі, тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасайтын құрылым ретінде құқық қорғау, полиция органдары өкілдерінің жоғарыдағыдай жосықсыз әрекеттері әлеуметтің құрметін емес, өкпе-ренішін, ал кейбір жағдайларда протесттік көңіл-күйін туғызып отырғандығы ашық айтылуда. Мұның өзі «ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасына мүлде қайшы келетіндігі түсінікті. Олай болса, ел басшылығы тарапынан жарияланған  мемлекеттік қызмет саласындағы батыл жаңа реформалар барысында, ең алдымен аталған саладағы ауқымды қайта құрулардың қажеттілігін бүгінгі көз ашық, көкірегі ояу қоғам өмірі қапысыз көрсетуде.

Мұхтар Кәрібай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523