Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2485 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 08:16

Өскеменге шұғыл түрде 4 жаңа емдеу мекемесі керек – ШҚО әкімі

Өскемен. 3 қараша. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанның облыс орталығында шұғыл түрде хирургиялық орталық ғимаратын, балалар, көпсалалы және облыстық туберкулезге қарсы аурухана ғимараттарының құрылысын бастау керек, деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековамен кездесуінде мәлім етті.

«Өскемендегі денсаулық сақтау нысандарына қатысты біз олардың қаржыландыру мерзімін 2014 жылдан 2012 жылға жылжытуыңызды сұраймыз. Біз шұғыл түрде туберкулезге қарсы облыстық аурухана ғимаратын, облыстық медициналық бірлестіктің хирургиялық корпусын, балалар ауруханасын, сондай-ақ көп салалы ЖМЖА салуды бастауымыз керек», - деді Б. Сапарбаев бейсенбі күні.

Облыс әкімі денсаулық сақтау министрімен облыс орталығындағы ауруханаларды аралып жүріп туберкулез ауруханасының ғимаратының ешқандай санитарлық талап нормаларына сай келмейтіндігін жеткізді.

Одан басқа, жедел медициналық жәрдем ауруханасының (ЖМЖА) ғимараты да тозығы жетіп, ескірген, 55 жыл бұрын салынған. Мұнымен қоса шұғыл жәрдемнің автопаркі де жаңартуды қажет етеді.

«Жаңа балалар ауруханасына қатысты мәселені шешу керек. Қалада 50 мыңнан астам бала бар және стационарларда орын тапшылығы байқалады. 200 орындық жаңа корпус керек», - деді облыс әкімі.

Өскеменде 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 7 аурухана, 6 емхана, «Жедел жәрдем» стансасы бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387