Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3990 8 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 16:29

Өз әскерінің қамын ойламаған жұрт бөгденің жемтігіне айналады

Кез-келген ұлттың Тәуелсіздігін кепілдеуші алғышарттардың ішінде қарулы күштер шешуші орынға ие. Әрине, соғыстан аулақ болайық. Бірақ ел басына күн туғанда жауға қарсы тұра алмаған Тәуелсіздіктің құны да көк тиын. Оның үстіне қолда бар әскери әлеуеттің өзі жаугер көршілерді сабасына салатын құдіретін де назарда ұстайық.

Қазіргі Қазақстанның қорғаныс қабілетіне қатысты түрлі бағалаулар болуы мүмкін. Өз басым, өкінішке орай, онысы заманауи тәуекелдерге төтеп беруге жеткілікті деп санамаймын. Бұған дәлелді КСРО шекпенінен шығып, алысқа кете қоймаған ТМД-дағы көршілердің аянышты тәжірибесінен табу қиынға соқпайды.

Жалпы, Кеңес одағы, оның мирасқоры - бүгінгі Ресей Федерациясының әскери әлеуетінен қорқу, не одан үйренгісі келу еш қисынға келмейді. Қарап көріңіз - мақтаулы Кеңес-Ресей әскері соңғы 70 жылда 40-тан астам соғыс жүргізді: Куба, Ангола, Ауғаныстан, Молдова, Грузия, Мысыр, Корей түбегі, Никарагуа, Вьетнам, Чехия, Венгрия, Шешенстан, Украина, т.б. Барлығында да жеңіліске ұшырады. Осыдан кеп туындайтын келесі түйткіл - ресми әскерилердің, ауған жауынгерлері секілді топтардың Мәскеуге қарап қалғаны алаңдатады. Осындай соқыр сенімшілдік кезінде Украина мен Грузияны жаға ұстатты - сын сағатта сенген армиясының, ішкі әскердің, ұлттық гвардия мен қауіпсіздік орындарының 80 пайызы Ресейдің жансыздары болып шығып өз Отанына қарсы әрекет жасады.

Айтпағым - путиншіл Ресейдің күші мүлде армияда емес, көршілерін арандатуда, оларды іштей бір-біріне айдап салуда жатыр. Осындай келеңсіздік пен сатқындықтан неғұрлым ерте сабақ алсақ, соғұрлым басымыз аман болмақ. Ал бастысы - шіріген Ресей емес, кезінде жарты әлемді бағындырған Ата-Бабаның тағылымынан нәр алсақ. Нақтылағанда бүгінгі Қазақстанда армияға қоса кең ауқымдағы Ұлттық гвардия қанатын жайса, оның қатарына тек Қазақтың тілі мен болмысын бойына сіңірген патриот сарбаздар енсе, ал олардың жалақысы банкирлерден кем болмаса. Қанымызға жақын әр сарбаз жауапкершілігін анық білген ондық, жүздік, мыңдық, түмендік жүйе қалыпқа келсе.

Менің келесі арманым - Қазақ қарулы күштері Түркиядағы сияқты түбі қоғамдағы аристократияға айналуы.

Менің арманым - Швейцариядағы сынды армия ғана емес, әр азаматы еліне қауіп төнгенде қолындағы қаруымен жерін қорғауға дайын болуы.

Менің арманым - Израилде секілді бүкіл халық өз қарулы күштеріне құрмет көрсетіп төрге шығарғаны.

Осындай жүйе Қазақта құрылса іштегі бесінші колоннаның да ауызына құм құйылары анық. Түсінемін, бізге, Қазақ қоғамына, бірінші кезекте саяси реформалар, демократия, нарықтық экономика ауадай қажет. Тек күштік құрылымдарды қайта құрмай, әлгі бағыттардағы ықтимал жетістігіміз бір күнде жоқ болуы бек мүмкін.

Айналып келгенде өз әскерінің қамын ойламаған жұрт түбі бөгденің жемтігіне айналады.

Расул Жұмалының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366