Сенбі, 23 Қараша 2024
3356 0 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 11:28

ДМҰ: жаздағы ыстық пен коронавирус - адам өміріне қауіпті

Дүниежүзілік метеорология ұйымы (ДМҰ) биыл жаздағы аптап ыстық пен коронавирус адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын ескертті.

AFP агенттігінің хабарлауынша, ыстық уақытта кондиционер қосуға болар еді, бірақол коронавирус эпидемиясы кезінде тазалық ережесіне қайшы келеді.

Дүниежүзілік метеорология ұйымының ресми өкілі Клэр Нуллистің Женевада 26 мамырда мәлімдеуінше, биыл "жаз мезгілі әдеттегіден ыстық болады". Оның айтуынша, "күннің ыстықтығы коронавирус пандемиясы кезінде тазалық ережелерін сақтауға кедергі жасауы мүмкін".

Бірнеше күн бұрын ДМҰ 2020 жылы жазда сирек табиғи құбылыстар жиі тіркелетінін ескерткен. Ұйым мәліметі бойынша, биыл жазда тропикалық белдіктерде Мұхит бетінің температурасы жоғарылап, Оңтүстік Америка мен Үндістан түбесінде жаңбыр көп жауады, деп хабарлады француз радиосы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364