Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3828 3 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 13:32

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жөндеуге 89 млрд.қа жуық қаржы бөлінді

Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары биылғы маусым айында басталады. Жобаға 89 миллиардқа жуық қаржы бөлінген. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің мәліметінше, Есіл өзені көпірінен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары осы жылдың 1 маусымында басталады.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 17,353 шақырымды құрайтын "Салтанат сарайы" мен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" арасында жатқан Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген.

Одан бөлек, жаңарту жұмыстарынан өткен соң елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба  аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді - мыс.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730