Президент мәдениет министріне мәдениет қайраткерлері мен зиялылармен жұмысты жандандыруды тапсырды
Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
«М. Құл-Мұхаммед президентке «Мәдени мұра» бағдарламасын, 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу бойынша жалпыұлттық шаралар жоспарын жүзеге асыру, облыстардың мәдени күндері және министрлік қызметінің басқа да басымдықты бағыттары туралы баяндады», - делінген Ақ орда сайтындағы ақпаратта.
Баспасөз хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысы министрліктің үлкен жұмыс жасап отырғанын атап көрсетіп, шығармашылық одақтармен, елде болып жатқан процестерден тыс қалмауға тиіс қазақстандық зиялылармен тығыз ынтымақтастық орнату қажеттігін айтты. Н. Назарбаев мысалы, ұлттық кинематографтың басты міндеттерінің бірі - бүгінгі қазақстандықтардың халық дәстүрлері мен ең жақсы адамгершілік қасиеттерін ашу, халықтың бірлігі, оның қиын тарихи жолы, Қазақстанның бүгінгі өмірі туралы фильмдер түсіру екенін жеткізді.

«Президент министрлікке зиялылармен және шығармашыл орталармен тарихи және мәдени мұраны сақтау, ел тәуелсіздігі жетістіктерінің маңыздылығын ашу сияқты мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды» делінген ақпаратта.