Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3056 3 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 12:49

Қытаймен шекарада 20 үнді сарбазы қаза тапты

Үндістан армиясы Қытаймен шекарадағы бекіністі күшейтіп жатыр. Бұл жөнінде үнді әскеріндегі дереккөз хабарлады.

Үндістан билігі Ладакхтағы қақтығыста 20 әскеридің өліміне Қытайды айыптады. Үндістан сыртқы істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, әскери қақтығыс 15 маусымда болған. Қытай Галван жазығындағы жағдайды біржақты ретке келтіргісі келген.

Қытай өз кезегінде қарсылық білдіріп, Үндістан әскері шекара сызығын бұзып, қытай сарбаздарына бірінші болып шабуыл жасады деп айыптап, нота жолдады. Олардың мәліметінше, үнді әскері Қытай шекарасын екі рет кесіп өткен.

Сәрсенбі күні Үндістан мен Қытай сыртқы істер министрлері Субраманьям Джайшанкар мен Ван И телефон арқылы сөйлесіп, шиеленісті шешуге келіскен.

Соңғы 45 жылда бірінші рет Үндістанның тарихи және географиялық аймағы Ладакхта Қытаймен қақтығыс болып отыр. Былтыр Ладакх Джамма мен Кашмир штатынан бөлініп, өзінің жаңа мәртебесін жариялаған.

Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қақтығыс кезінде 20 үнді сарбазы қаза тапқан.

Қытай тарапы құрбан болғандар жайлы мәлімет бермеді.

Қытай мен Үндістан ұзақ жылдардан бері Кашмирдің солтүстік бөлігіндегі таулы аймаққа және солтүстік-шығыстағы Аруначал-Прадеш штатындағы 60 мың шаршы шақырым жерге таласып келеді. 1962 жылдың күзінде жанжал шекаралық соғысқа ұласқан. 1993 және 1996 жылдары Қытай мен Үндістан бейбіт келісімге қол қойған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1269
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2814
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 919
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866