Жұма, 11 Қазан 2024
2836 0 пікір 20 Маусым, 2020 сағат 17:50

Екі мыңнан астан шетелдік қандас талапкер ҰБТ тапсырады

Биыл маусымның 21 мен шілденің 5 күні аралығында Республикадағы ұлттық біріңғай тестілеуге 130 мыңнан астам түлек қатысады. Сонымен қатар, 2020 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының базасына ұлты қазақ бірақ Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын 2024 қандас талапкер тест тапсыруға өтініш білдірген. Атап айтсақ, Қырғызстан 3, Өзбекстан 724, Қытай 577, Ресей 83, Моңғолия 555, Түркіменстан 26, Германия 1, Ауғанстан 4, Түркия 2, Тәжікстан 4, АҚШ 2, Австрия 4, Иран 3, мекені көрсетілмегендер 36.

Қандастарды қолдауға арналған «Отандастар қорының» мәліметі бойынша, 2018-2019 оқу жылында ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөлімін 992 қандас талапкер аяқтаған. 2019-2020 оқу жылында дайындық бөліміне 1300 талапкер оқуға қабылданған. 2020-2021 оқу жылына белгіленген тәртіпке сай еліміздің 24 жоғарғы оқу орны 1300 талапкерді дайындық бөліміне қабылдайды деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі тарапынан қандас талапкерлер үшін 4 пайыздық квота қарастырылған. Себебі, жыл өткен сайын атажұртта білім алып, жоғарғы оқу ордасын бітіріп, білікті маман атануға талпынған жастардың саны артып келеді.

Abai.kz

0 пікір