Жұма, 11 Қазан 2024
3015 0 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 10:57

Халықаралық ұйым қазақ шекарасында аялдап қалған тәжік азаматтарына үйіне қайтуға көмектесті

Халықаралық ұйымның көмегімен карантин шектеулеріне байланысты Қазақстан шекарасында аялдап қалған жүздеген тәжік азаматтары үйіне қайтты.

Миграция жөніндегі халықаралық ұйым 19 маусымда Тәжікстанның 635 азаматы 14 автобуспен қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы" өткізу бекеті арқылы еліне қайтқанын хабарлады.

Ұйым мәліметінше, олардың дені еңбек мигранттары мен студенттер және әйелдер мен балалар.

Олардың үйіне қайтуына қаржыны АҚШ пен Норвегия және ЮНИСЕФ бөлген.

Үйіне қайтқан тәжік азаматтарының 25 проценті 15 пен 24 жас аралығындағы жастар. Олардың жүзге жуығы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады.

Жүздеген тәжік азаматтары бірнеше апта бойы қазақ-өзбек шекарасынан өте алмай, сол маңда тұрып келген.

Abai.kz

0 пікір