Сенбі, 23 Қараша 2024
2310 0 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 12:16

Экс-мәжілісмен Оспанов министрдің кеңесшісі болды

Бұрынғы мәжілісмен Серік Оспанов Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұловтың кеңесшісі болып тағайындалды. 

«Оспанов Серік Жәмекеұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі,  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады»,- делінген министрлік сайтында.

Серік Жәмекұлы Оспанов 1964 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын механик-инженер мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг және коммерция факультетін маркетолог-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1986 жылы «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің өндірістік қызметтерінің орталық базасында жөндеуші болып бастады.

1992-1994 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігі басшысының көмекшісі, 1994-1996 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 1996-2004 жылдары - Ақтау қаласының әкімі болды.

2004 жылы 3-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, 2007 жылы - 4-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Үйленген, балалары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475