Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2305 0 пікір 18 Қараша, 2011 сағат 06:16

Келіссөзден бас тартқандармен бітім жасалмайды

ҚМГ БӨ Жаңаөзен қаласында бітімгерлік комиссия

жұмысын бастады деген ақпаратты жоққа шығарады

Бірқатар баспасөз беттерінде Жаңаөзен қаласында бітімгерлік комиссия жұмысын бастапты-мыс деген сияқты жаңсақ хабарлардың жарыққа шығуына байланысты, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ешқандай бітімгерлік комиссияның құрылмағанын және құрылмайтынын хабарлауды жөн деп тапты.

ҚМГ БӨ Жаңаөзен қаласында бітімгерлік комиссия

жұмысын бастады деген ақпаратты жоққа шығарады

Бірқатар баспасөз беттерінде Жаңаөзен қаласында бітімгерлік комиссия жұмысын бастапты-мыс деген сияқты жаңсақ хабарлардың жарыққа шығуына байланысты, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ешқандай бітімгерлік комиссияның құрылмағанын және құрылмайтынын хабарлауды жөн деп тапты.

Біріншіден, ҚР Еңбек Кодексінде ұжымдық еңбек дауының алғашқы кезеңдерінде бітімгерлік комиссиясын құру қарастырылған. 2011 жылдың мамыр айында «Өзенмұнайгаз» ӨФ (ӨМГ) және «Қаражанбасмұнай» АҚ-ында (ҚБМ) заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырушылар принципті түрде жұмыс берушімен диалог орнатудан қашты, айлық жалақыны көтеру туралы өздерінің талаптарының қалтқысыз орындалуын талап ете отырып, бітімгерлік процедураларға қатысудан бас тартты. Заңда көрсетілген қандай да болмасын бітімгерлік процедураларды сақтамастан, жұмыс берушіге қысым көрсету үшін жұмысты тоқтату сияқты шараны таңдап алды. Бірінші кезекте, ҚМГ БӨ заңсыз наразылық акциясы толықтай тоқтатылғаннан кейін келіссөздер жүргізуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Осылайша, заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырушылар өздерінің кінәсінен бітімгерлік комиссия құру мүмкіндігінен айрылып тынды.

Екіншіден, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, «бітімгерлік комиссия - жұмыс беруші мен жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен құрылатын орган». Оның үстіне, бүгінгі таңда ӨМГ-де де, ҚБМ-да да ешқандай еңбек дауы туындаған жоқ, ал жұмыс берушіге талап қойған заңсыз наразылық акциясының белсенділері жұмыстан шығарылғандықтан, олар аталған компаниялардың жұмыскерлері болып табылмайды. Аталған адамдар ешқандай себепсіз ұзақ уақыт бойы - бірнеше тәуліктен бастап үш айға дейін жұмыс орнында болмағаны үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан шығарылды. Бұл шешімнің дұрыстығын бірнеше ондаған адамдардың бұрынғы жұмыс орындарына қайта алу туралы талап-арыздарын қанағаттандырудан бас тартқан Жаңаөзен және Ақтау қаласының соттарының шешімдері растай алады.

Жаңаөзен қаласында өткен заңсыз наразылық акциясының белсенділерімен кездесу бітімгерлік комиссияның отырысы емес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовтің жетекшілігімен өткен жұмыстан шығарылғандарды жаңа жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызу жөніндегі республикалық штабтың отырысы болатын. Штаб жұмысына республикалық және жергілікті билік органдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.

ҚМГ БӨ тағы бір рет жұмыстан шығарылған заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды қайта жұмысқа қабылдау туралы мәселенің қаралмайтынын хабарлайды, себебі оларды жұмыстан шығару қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілді және олардың орнына Компанияның біліктілік талаптарына сәйкес келетін жаңа жұмыскерлер қабылданды.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғанындай, ҚМГ БӨ ӨМГ-ге қызмет көрсететін сервистік және мердігер ұйымдарға қосымша тапсырыс орналастырды, соның арқасында орташа айлық жалақысы 170 мың теңгеден 270 мың теңгені құрайтын 230 қосымша жұмыс орнын ашылды. Алайда жұмыстан шығарылғандар осы күнге дейін бұл мүмкіндікті пайдаланған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502