Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2708 0 пікір 18 Қараша, 2011 сағат 08:51

Мұхтар Шаханов: «Ұлтты сақтап қалу үшін сайлауға түсу керек деп есептеп отырмын»

Мәжіліс сайлауының додасы басталды. Елдегі саяси партиялар съездерін шақырып, тізімдерін пысықтап, аймақтардағы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға алақандарын ысқылап кіріскелі жатыр. Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек болмақ. 2012-нші жылы су жаңа депуттармен жаңаратын мәжілістің төрінде бірнеше саяси партиялардың өкілдерін көретін боламыз.

Сайлаудың әңгімесін ««Руханият-жасылдар» партиясының төрағалығына Мұхтар Шаханов келмек екен» деген ақпарат қыздыра түсті. Сөйтіп, жағдайдың жай-жапсарын партия басшылығы мен Мұхтар ағамыздың өз аузынан сұрап білдік.

Серікжан Мәмбетәлин, «Руханият - Жасылдар» партиясының төрағасы:

-Сайлау қарсаңында партияның төрағалығына Мұхтар Шаханов келуі мүмкін деген сөз бар. Мұндай өзгерістер орын алуы мүмкін бе?

-Осы сайлау науқанында бәрі-бәрі мүмкін болады. Себебі, сайлау мерзімінен тыс өтіп жатыр. Сондықтан, партияның тізіміне беделді адамдарды кіргізіп жатырмыз. Сол үшінде сондай өзгерістер болуы ықтимал. Дәл қазір кесіп ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені, шешім қабылдаған жоқпыз.

Қазіргі кезде мен «еуропа жасылдар» партиясының съезінде жүрмін. Құдай қаласа, келесі аптада елге ораламын. Сол кезде ағамызбен кездесіп, талқылап, ақылдасып шешім қабылдаймыз.

-Тағы қандай адамдармен келіссөз жүргізбек ойларыңызда бар?

-Уәлихан Қайсаровқа да ұсыныс жібердім. Бірақ, онымен де кездесуіміз керек.

-Съездеріңіз қашан өтеді?

-Шарт бойынша 5-нші желтоқсанға дейін өткізуіміз керек. Алайда, желтоқсанның басында немесе ағымдағы айдың аяғында өткіземіз.

-Рахмет.

Serikzhan_Mambetalin by Omirzhan Abdihalyh

Мұхтар Шаханов, «Мемлекеттік тіл» қозғалысының жетекшісі:

-«Руханият-Жасылдар» партиясы сайлау қарсаңында сізді мүшелікке қабылдамақ деген әңгіме шығып жатыр. Соны өз аузыңыздан білейін деп хабарласып отырмын. Партия тарапынан қандай да бір ұсыныс түсті ме?

-Әңгімелер болған, бірақ, әлі бір шешімге келген жоқпыз.

-Жалпы, өзіңіз сайлауға түсесіз бе?

-Ұлтты сақтап қалу үшін түсу керек деп есептеп отырмын.

-Қандай да бір партияның атынан дейсіз ғой.

-Сол жағын қарастырып жатырмыз.

-Рахмет, аға.

Mukhtar_Shakhanov by Omirzhan Abdihalyh

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510