Бүйректері ауратын мүгедектер қазақстандықтарды мүше донорлығына көндіруге әрекеттенбекші
Астана. 18 қараша. ҚазТАГ - «Бүйрек трансплантациясы бойынша «Үміт» атты мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандықтарды мүше донорлығына көндіруге үгіт-насихат жүргізбекші, деп ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Үміт» атты бүйрек трансплантациясының мүгедектер қоғамы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоладуымен қазақстандықтардың назарын мүше донорлығын дамыту проблемасына аударып, қоғамды оның пайдалылығы мен қажеттігіне көндірмекші», - делінген денсаулық сақтау министрлігі жұма күні таратқан хабарда.
Хабарда сондай-ақ жақында донорлықтың құқықтық мәселелері бойынша консультациялар жүргілетіндігі айтылған.
2011 жылы органдар мен тканьдердің трансплантациясына шетелге 34 пациент жіберілді, оның ішінде 13 бала. Ондай операциялар Беларусия, Германия, Ресей мен Израильде жасалады.
«Бір пациентті осындай операцияға жіберу мемлекетке орташа есеппен 300 ш.б.-ге түседі», - делінген ақпараттық баянда.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстанда 3 мыңдай пациент бүйрек немесе жүрек алмастыруын қажет етеді.