Владимир Козлов: «Мұхтар ағадан кешірім сұраймын»
Ашық хат
Соңғы екі күнде маған бірнеше кісі телефон соқты. Мен бұл кісілерді ерекше сыйлаймын, олар тек мен сыйлайтын ғана емес, көпшілікке ардақтылар. Мен олардың пікірін қадірлеймін, ескерту-кеңестеріне құлақ саламын, менімен келіскен кезде ғана емес, келіспесе де. Себебі олар ақылгөйлер, мұндай кісілерден әрқашан ақыл-кеңес алып отырғанды жөн санаймын.
Бұл кісілер менің интернетте жарияланған сұхбатымның бір бөлігінде айтылған сөздерге байланысты алаңдаушылық білдіреді. Атап айтқанда, менің Мұхтар Шахановты саясаткер емес деуіме байланысты. Рас, мен солай айтқан едім, солай деп санаймын. Бірақ, бұл пікір менің айтқан сөзімнің кішкентай бір бөлігі ғана және оның жалғасы бар, негіздемесі бар.

Мен Мұхтар Шахановты қалай саясаткер емес деп санамасам, өзімді де солай саясаткер санамаймын. Ол кісі де, мен де саясатқа еліміздің азаматтарының өмірінің белгілі бір тағдыр кезеңіндегі жағдайларына байланысты олардың өмірі мен тұрмысын жақсартумен айналыса жүріп саясатқа кірісіп кеткендерміз. Мұхтар-аға саясаткерліктен биік тұрған адам. Ол өзін сыйлайтын, өзін сүйетін азаматтарға Сөз құдіретін жеткізу арқылы оларға өмір сүруге, өмірдің қиыншылығын жеңуге көмектесіп келеді. Осындай Сөз құдіреті күшті Мұхаңнан басқа елімізде қандай саясаткер бар? Сондықтан да ол саясаткерден биік, себебі қазіргі қиын заманда ол өз халқының Мәдениеті мен тілінің ауыр жүгін арқалап соған жан тебіреніспен еңіреп жүр. Өзін кәсіби саясаткер санайтын қай саясаткердің осы мәселелерге іші қан жылап жүр?
Саясат - Мұхаңның өмір болмысының амалсыздан жасап жүрген әрекет-қимылының бір көрінісі ғана, себебі оның айналысып жүрген мәселелері тек саяси жолдармен шешілмек. Егер елімізде күні ертең жақсы өзгерістер мен игі істер жасалынып, біздің іс-қимылдарымыз қоғамға пайда әкелер болса, осы үрдістердің дамуы тұрақты қанат жайса, біз екеуміз де саясаттан кетеріміз анық. Саясат - біздің ісіміз емес.
Мен қазақ болып туылмасам да, қазақтың арасында, қазақ елінде өстім. Қазақстанда қазақ дос-жарандарымның көп болғаны - менің өмір жолымның оң болғаны деп санаймын. «Досыңның кім екенін айтшы, сенің кім екеніңді айтып берейін» демей ме. Сол достарымның арқасында қазақтың жан ауруын түсінуге мүмкіндік алдым. Бала кезімдегі қазақ достарым тұрпайы акцентпен менімен орысша сөйлесетін. Тек кейін ғана, есейген соң барып, кеш білдім, бұл қазақтардың нағыз досқа деп білдіретін қасиеті екенін кейін түсіндім. Енді бүгін, соны түсінген соң мен оларға жақын қадам жасағым келеді, жасап келемін, кішкентай болса да, қолымнан келгенше жақындап қадам жасаудамын.
Мұхтар-аға халқымыз үшін өте қасиетті іс атқарып келеді. Менің Мұхаңмен және оның қолдаушыларымен келіспейтін көзқарастарым - бұл біздің ортақ істі атқару бағытындағы екі түрлі жолы ғана. Бұл қалыпты жағдай, себебі біз бір елде тұрсақ та, еліміздің азаматтарының әртүрлі топтарының өкілдеріміз. Бұлай болудың түсінікті екендігінің тағы бір қыры - менің өз пікірімді ашық, жариялы түрде айтуымда. Осы мәселелерді негізге алып менің Мұхаңмен қарым-қатынасымызда жоқ нәрселерді іздеушілерге, бізді қақтығыстыруға, қоғам үшін атқарып жатқан ортақ ісімізге кедергі жасаушыларға айтарым - Құдай алдарыңнан жарылқасын! Менің бұл хатты жазып отырған себебім, сол кісілерге және осы жағдайға алаңдаған достарыма арналады.
Менің сұхбаттағы сөздерімнен бөлектеліп жұлыну арқылы құрастырылған сөйлемдерден Мұхтар ағаға тиіп кеткен сөздерім үшін ол кісіден кешірім сұраймын.
Мені бұрынғыша өздеріңнің Владимир Козловтарың деп санаңыздар.
Достарыма ерекше алғысымды білдіремін.
Владимир Козлов 18 қараша 2011 жыл.
«Маса-ақпарат»