Әзиз Әміре. Инспекторларды «ит қылу» (видео)
Жол полициясы. Ауызекі тілде «гаишниктер» атанып кеткен бұл қызметкерлер туралы қоғамда жайсыз пікір көп. Олардың бәрін бірдей кінәлаудан аулақпыз. Бірақ арасында заңнан еш хабары жоқ шала сауаттылары, өзі атқарып жүрген қызметінің мән-маңызын білмейтіндері, инспектор болуды тек жолда тұрып ақша жинау деп түсінетіндері аз емес. Көлік айдап жүрген ағайынның да көпшілігі жол ережесін бұзған жағдайда айыппұлды мемлекетке емес, пара ретінде инспекторға бере салуды әдетке айналдырған. Ешбір кінәсі болмаса да әйтеуір жолдан қалмай тезірек жөнелуді ойлайтын кейбір жүргізушілер құжаттарына қыстырып ақша ұсынып жүре береді. Бірақ, заңды білген адам Жол ережесін бұзған күннің өзінде көлік инспекторына көк тиын бермей, бәрін заңның аясында шеше алатынын төмендегі шынайы өмірден алынған видеодан көріңіздер.
«Маса-ақпарат»