Қазақстан премьер-министрі жұмыс сапарымен Францияға барады
Астана. 21 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Францияға барады, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«Бүгін еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов Франция Республикасына, Парижге жұмыс сапарымен барады. Ертең Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қосылуға өтініш береді», - делінген дүйсенбі күні премьер-министрдің сайтындағы ақпаратта.
Еске сала кетейік, 2011 жылдың 27 маусымында Францияға жасаған ресми сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның осы ұйымға мүше болу ниетін жария еткен болатын.
ЭЫДҰ барлық экономикалық мәселелер бойынша, оның ішінде G7 және G20 аясындағы экономикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздерге арналған ең беделді форумдардың бірі болып табылады. Бүгінде ұйымға 34 ел - АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ елдері, Канада, т.б. елдер мүше. ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен ұйыммен қарқынды ынтымақтастық орнатқан елдер (барлығы 40 мемлекет) әлемдік сауда-саттық пен инвестицияның 80%-ын қамтып отыр.

2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан үкіметінің жанынан ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, кеңес аталған ұйыммен ынтымақтастықта түрлі жобаларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады. 2011 жылдың тамыз айында өткен отырыста ҚР үкіметі бақылаушы ретінде ЭЫДҰ-ның төрт комитетіне қосылудың бағыттарын бекітті.
Айта кету керек, Қазақстан қазірдің өзінде ұйыммен ынтымақтастық бойынша бірқатар жобаларға қатысуда.
«Қазақстанның ұйымға қосылуы дамыған елдердің үздік стандарттарын алуға, әлемнің ең дамыған елдерімен ықпалдастықты күшейтуге мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 1947 жылдан бері жұмыс істеп келген Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының негізінде 1961 жылы құрылған. ЭЫДҰ-ның штаб-пәтері Парижде орналасқан (Франция). ЭЫДҰ-ның мақсаты - ұйымға мүше елдердегі экономиканың орнықты өсуіне және халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, сондай-ақ көпжақты негізде әлемдік сауда-саттықты кеңейтуді қолдауға бағытталған саясатты жүзеге асыру.