ОҚО-да кәсіпкерге шабуыл жасаған деп күдіктелген екі азамат Мәскеуде Қазақстанға экстрадициялауын күтіп жатыр
Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - Осыдан 20 күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ құрамында кәсіпкердің үйіне шабуыл жасаған деп күдіктелген Шымкенттің екі тұрғынын Мәскеу полициясы ұстады және олар Қазақстанға экстрадициялауын күтіп жатыр, деп облыстық ІІД агенттікке хабарлады.
«15 қарашада Ресейдің ҚІББ (қылмыстық іздестіру бас басқармасы - ҚазТАГ) Арыс қаласында қарақшылық шабуылға қатысы бар деп күтіктелген 1988, 1980-ші жылдары туылған Шымкенттік екі күдіктіні Мәскеуде ұстады», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Пайызға қарызға ақша беретін қаржыгерге 4 адамнан тұратын қарақшылар шабуылды 1 қарашада жасаған.
«Түнгі екілер шамасында қарақшылар кәсіпкердің үйіне мылтықпен кіріп келіп, қорқытып, үйдегі Т8 млн-ды , Т1 млн-нан астам алтын әшекей бұйымдарды тартып алып, тайып тұрған», - деді ведомстводан.
Олардың қайда екенін қазақстандық тергеушілер мемлекетаралық іздеу жариялаған соң анықтады. Арыс қаласының тергеушілері күдіктілердің тізімін анықтап, мемлекетаралық іздеу жариялап, барлық мемлекеттерге олардың белгілерін жіберді», - деді облыстық полициядан.
Қазір күдіктілерді Қазақстанға экстрадияицлау құжаттары дайындалып жатыр. Қалған екі күдікті іздестірілуде.