Мәәә, Мәжілістің неге тарағаны белгілі болды
Саясат тақырыбын тарамыстай тарататын сарапшылар мен сәуегейлер енді бас қатырмаса болады: Мәжілістің мерзімінен бұрын тарауының себебі анықталды. Оның себебін Елбасымыз айтып берді.
- Бұл жыл қарбаласпен басталды, - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. - Біріншіден, төменгі жақтан ықылас білдіріліп менің президенттік өкілеттілігіміді ұзарту мәселесі көтерілді. Мен барлық қазақстандықтарға рахметімді айттым, бірақ референдумнан бас тартып шұғыл сайлауға түстім. Ақыры сайлау 3 сәуірде аяқталды. Сол кезде депутаттардың өзі Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату мәселесін айта бастады. Олардың басты уәжі: Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Парламент кемінде екі партиядан сайлануы керек болды.
- Екіншіден, - дейді Елбасы, - біз бәріміз оқып, біліп жүрміз - дүниежүзілік қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр. Алайда оның болмауы да мүмкін. Әйткенменде, Еуропа мен Америкада, әлемнің өзге де елдерінде болып жатқан жайттардың бізді айналып өтпесі белгілі. Сондықтан 2012 жылы саясатпен емес, нақты іспен айналысу керек.

- Үшіншіден, елімізде индустрализациялау ісі қарқын алды. Кейінгі екі жылдың аралығында жұмыс жасап бастаған 350 кәсіпорын экономикамызға қазірдің өзінде ықпал етуде. Және бұл өзі бүтін еліміз бен әрбір азаматымыз үшін үлкен шаруа болғалы тұр. Депутаттар осынау игілікті игеру үшін парламентке жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдар қажет деді. Мен бұндай талапты кері қайтара алмадым. Оның үстіне төртінші шақырылған Мәжілісіміздің мерзімі бір айдан соң аяқталатын да еді, - дейді Назарбаев РИАН агенттігінің тілішісіне берген шағын сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің заң шығарушы органының уақытынан бұрын тарауы бір бұл емес.
Ең алғаш, Серікболсын Әбділдин төрағалық еткен Жоғарғы Кеңес 1993 жылы Алматы қаласының сол тұстағы әкімі Заманбек Нұрқаділов Алатау ауданындық кеңесінің депутаттарын тартып жібергендіктен жыл жарым бұрын жұмысын тоқтатты. Серікболсын Әбділдин төрағасы болған Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация мен тұңғыш Конституцияны, мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
1994-ші жылы сәуірде сайланған Қазақстанның тұңғыш көппартиялық кәсіби парламенті де кұрылғанына жыл толмай жатып Татьянаның хатында көтерілген талапқа сәйкес тарап тынды. Конституциялық сот Татьяна Квятковскаяның арыз-шағымына орай «Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланды» деген шешім шығарды.
Ал 2007-ші жылдың жазында Нұрбах Рүстемов елуге жуық депутаттың Қазақстан президентіне арнаған үндеуін оқып берген соң 3-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі тарады. 2007 жылы да Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің өкілеттілігі мен мәртебесі туралы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп «демократиялық реформаларға тежегіш болып отырғымыз келмейді» деген депутаттар мерзімінен 2 жыл бұрын Парламент сарайынан «қол көтеріп» шыққан еді.
Мәә, сонымен төртінші рет шақырылған Мәжілістің мерзімінен бұрын «бұйдасын сыпыруының» сырын ұққандаймыз. Бірақ, мынандай да сыбыс бар:
Біріншіден, Қазақстан билігі қаржы мәселесінде Қытайдың, саясат ыңғайында Ресейдің ықпалына түсе бермес үшін АҚШ-тың ығын тауып демократия талаптарын орындауға кезекті рет уәде еткен. Назарбаевтың Обамамен кездесуінің нәтижесі - осы: Мәжіліс тарады. Ендігі Мәжіліс құрамы кемі екі партиядан жасақталуы ықтимал. Егер «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Нығамтуллин саяси амбициясын тежей алса, Мәжілістің құрамына «Ақ жол» партиясының мүшелері молынан өтіп қалуы мүмкін.
Екіншіден, 2012 жылы «саясатпен емес, нақты іспен айналысу» биліктің өзі үшін тым пайдалы болатын сияқты. Өйткені, Әблязов - Әлиев одағын уақыттан ұтып, ертерек қимылдамаса, қаржы дағдарысының екінші толқынында әлеуметтік ахуал ушығып, ел іші екі Ә-нің екпінімен саясиланып кетуі кәдік. Сондай қауіптің алдын орау үшін Ақ Орда Мәжілістің іргесін тағы да бекемдеп алуды ойласа керек.
Ресейдегі Дума депутаттарын сайлаудан қалмаудың қамы Ақ Орданы осындай қарекетке итермеледі дейтін де жорамалдар бар. Кедендік одақ, ортақ экономикалық кеңістік, Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейді алдыға салып ену - ресми Астананың ауарайына салқынын тигізді-міс деп келетін сөздер де бар. Қысқасы, төртінші шақырылған Мәжіліс те мерзімінен бұрын межесіне жетпей тарады. Ілгерідегілері де осылай еткен. Ендігісі қайтер екен? Жаңа парламенттің құрамынан жаңа заңдар қабылдайтын жаңа адамдарды көре аламыз ба, жоқ па? Бұл сауалдарға 15 қаңтардан ары қарай жауап табатын боламыз.
«Абай-ақпарат»