ҚР-ның оңтүстігінде Қырғызстан азаматына заңсыз анықтама берген ауыл әкімі сотталды
Қырғызстанның азаматына бір жерде тұруға белгі қағазын рәсімдеуге анықтама берген Жамбыл облысы Қордай аудандық Қақпатас ауылдық округінің әкімі сотталды, деп хабарлады Қазақстан қаржы полициясының баспасөз қызметі.
«Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Қордай аудандық Қақпатас ауылдық округінің әкіміне қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды адам бола тұрып, қызмет бабын теріс пайдаланып Қырғыз Республикасының азаматына пайда мен артықшылықтар алу мақсатымен, 2009 жылы шетел азаматының тұруға ықтиярхатын рәсімдеуге және зейнетақы алуға құқық беретін жалған анықтаманы берген», - делінген хабарламада.
Соның салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 668 мың теңге залал келтірілген
Сот үкімімен бұрынғы әкім «қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
АСТАНА, 22 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.ru